«Сайлау учаскелерін құру туралы» Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 6 шешіміне толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 шілде 2024 ж.

    «Сайлау учаскелерін құру туралы» Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 6 шешіміне толықтыру енгізу туралы

    Біржан сал ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Сайлау учаскелерін құру туралы» Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23444 болып тіркелген) келесі толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің қосымшасы келесі мазмұндағы 33 жолмен толықтырылсын:

    «

    33.
    № 784 сайлау учаскесі
    Орналасқан орны: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Макинка ауылы, Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Біржан сал ауданы, «Мейірім» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Санаторная көшесі, 10.
    Шекаралары: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Макинка ауылы, Санаторная көшесі, 10.
    ».
    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Біржан сал ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    аудан әкімінің орынбасары

    Е.Каленов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Біржан сал ауданының

    аумақтық сайлау комиссиясы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.