«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 803 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 шілде 2024 ж.

    «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 803 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 803 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29879 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығында:

    6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «2) бейнебақылау жүйесі – бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтау құралдарының, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;».

    2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жұмылдыру және азаматтық қорғаныс басқармасы (дербес басқарма құқығында) заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Әділет министрі

    А. Ескараев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.