Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2024 жылдың 10 маусымындағы №176 «Кербұлақ ауданы бойынша 2024-2026 жылдарға халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға, және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы» қаулысын жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 шілде 2024 ж.

    Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2024 жылдың 10 маусымындағы №176 «Кербұлақ ауданы бойынша 2024-2026 жылдарға халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға, және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы» қаулысын жою туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 37-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27-бабына сәйкес, Кербұлақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2024 жылдың 10 маусымындағы №176 «Кербұлақ ауданы бойынша 2024-2026 жылдарға халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға, және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы» қаулысы жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Б.Есболатов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.