2024-2026 жылдары субсидиялауға жататын Хромтау қаласының әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    2024-2026 жылдары субсидиялауға жататын Хромтау қаласының әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12353 тіркелген) сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. 2024-2026 жылдары субсидиялауға жататын Хромтау қаласының әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесі осы шешімге қосымшаға сәйкес айқындалсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыстық мәслихаттың төрағасы

    Г. Суентаева

    Ақтөбе облыстық мәслихатының

    2024 жылғы 10 шілдедегі № 156

    шешіміне қосымша

    2024-2026 жылдары субсидиялауға жататын Хромтау қаласының әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесі

    Марш­рут­тың ата­уы (марш­рут нө­мі­рі)
    Марш­рут тү­рі (ата­уы)
    Әді­сте­ме­ге сәй­кес анық­тал­ған 1 жо­ла­у­шы­ға ар­нал­ған Та­риф
    1 жо­ла­у­шы­ға ұсы­ны­ла­тын неме­се қол­да­ны­с­та­ғы та­риф
    Нақ­ты және ұсы­ны­л­ған та­риф ара­сын­да­ғы ай­ыр­ма­сы
    Әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастардың жылдар бойынша бөлінісіндегі 3 жылға болжамдалатын субсидиялау көлемі
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    2024
    2025
    2026
    Бар­лы­ғы
    1.
    № 1
    «Ак­жол» дү­ке­ні – «22 квар­тал» аял­да­ма­сы
    354,29
    80
    274,29
    8 600 391
    8 600 391
    8 600 391
    25 801 173
    2.
    № 2
    «Жа­ңа стан­ция» аял­да­ма­сы – «22 квар­тал» аял­да­ма­сы
    345,22
    80
    265,22
    8 181 609
    8 181 609
    8 181 609
    24 544 827
    3.
    № 3
    «Ақ­тө­бе об­лы­сы Хром­тау ауда­ны Дөң ауыл­дық окру­гі әкі­мі­нің ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі – «Қаз­по­шта» Ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның фи­ли­а­лы
    531,99
    80
    451,99
    64 489 787
    64 489 787
    64 489 787
    193 469 361
    Бар­лы­ғы
    81 271 787
    81 271 787
    81 271 787
    243 815 361

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.