Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі объектілеріндегі қызметтік, тұрмыстық, өндірістік үй-жайлар мен аумақты жинау үшін сабын-жуғыш заттармен, құрал-сайман мен және құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы»

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі объектілеріндегі қызметтік, тұрмыстық, өндірістік үй-жайлар мен аумақты жинау үшін сабын-жуғыш заттармен, құрал-сайман мен және құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы»

    Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі объектілеріндегі қызметтік, тұрмыстық, өндірістік үй-жайлар мен аумақты жинау үшін сабын-жуғыш заттармен, құрал-сайман мен және құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

    3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

    5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник

    Р. Жақсылықов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Қорғаныс министрінің

    2024 жылғы «11» шілде

    № 718 бұйрығымен

    бекітілген

    Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі объектілеріндегі қызметтік, тұрмыстық, өндірістік үй-жай мен аумақты жинау үшін сабын-жуғыш заттармен, құрал-сайман мен және құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормалары

    Р/с №
    Ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Сан­дық си­патта­ғы нор­ма
    Қол­да­ныс мер­зі­мі
    Қол­да­ну са­ла­сы
    Нор­ма­лар­дың анық­та­ма­сын және қол­да­ны­луын нақ­ты­лай­тын си­патта­ма
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    1. Қыз­мет­тік, тұр­мыстық және өн­ді­рі­стік үй-жай­ды жи­нау
    1
    Иіс са­бын
    (сұй­ық са­бын)*
    да­на
    4
    1 ай
    Қол­ды дез­ин­фек­ци­я­лау және та­зар­ту үшін
    Са­ни­та­ри­я­лық то­рап­қа 400 г
    Ау­ру­дың та­ра­луын бол­дыр­мау мақ­са­тын­да
    2
    Шү­бе­рек
    шар­шы м
    4
    1 ай
    Са­ни­та­ри­я­лық то­рап­ты жуып-жи­нау үшін
    Сан­то­рап­та бір та­за­ла­у­шы­ға еден жуу үшін
    Ау­ру­дың та­ра­луын бол­дыр­мау мақ­са­тын­да
    3
    Шү­бе­рек
    шар­шы м
    4
    1 ай
    Үй-жай­ды жуып-жи­нау үшін
    Үй-жай­да еден жу­у­ға ар­нал­ған 1 та­за­ла­у­шы­ға
    Ау­ру­дың та­ра­луын бол­дыр­мау мақ­са­тын­да
    4
    Фла­нель (мик­ро­фиб­ра)
    да­на
    4
    1 ай
    Үй-жай­ды жи­нау, жи­һаз бен кең­се жабды­ғын сүр­ту үшін
    Бір та­за­ла­у­шы­ға
    Ре­спи­ра­тор­лық ау­ру­дың та­ра­луын бол­дыр­мау мақ­са­тын­да
    5
    Та­зарт­қыш зат
    литр
    0,5
    1 ай
    Уни­та­здың тө­мен­гі жа­ғын та­зар­ту үшін
    1 құ­ры­л­ғы­ға (сан­то­рап/уни­таз)
    Дә­рет­ха­на­да ги­ги­е­на­ны сақ­тау
    6
    Бе­лиз­на, хлор (хло­ра­мин)
    литр
    0,5
    1 ай
    Дә­рет­ха­на­ны ағар­ту, дез­одо­ра­ци­я­лау және дез­ин­фек­ци­я­лау үшін
    1 уни­таз­ға
    Дә­рет­ха­на­да ги­ги­е­на­ны сақ­тау
    7
    Ауа та­зарт­қыш**
    да­на
    1
    1 ай
    Жа­ғым­сыз иісті жою үшін
    сан­то­рап­қа
    Ауа­ға та­би­ғи хош иіс ша­шып, жа­ғым­сыз иістен қор­ғау ар­қы­лы бөл­ме­де қо­сым­ша жай­лы­лық­ты қам­та­ма­сыз ете­тін зат
    8
    Дә­рет­ха­на қа­ға­зы**
    орам
    4
    1 ай
    Же­ке ги­ги­е­на­лық мақ­сат­та пай­да­ла­ну үшін
    1 ка­би­на­ға
    Дә­рет­ха­на­да ги­ги­е­на­ны сақ­тау
    9
    Еден жу­а­тын шваб­ра
    да­на
    1
    12 ай
    Еден жуу ке­зін­де жағ­дай жа­сау үшін
    1 та­за­ла­у­шы­ға
    Ең­бек жағ­дай­ын қам­та­ма­сыз ету­ге ар­нал­ған құ­рал
    10
    Уни­таз щет­ка­сы
    да­на
    1
    12 ай
    Уни­та­зды та­за ұстау үшін
    1 уни­таз­ға
    Дә­рет­ха­на­ны ги­ги­е­на­лық жағ­дай­да ұста­у­ға ар­нал­ған құ­рал
    11
    Сы­пыр­ғыш
    да­на
    1
    6 ай
    Үй-жай­ды жи­нау ке­зін­де жағ­дай жа­сау үшін
    1 та­за­ла­у­шы­ға
    Ең­бек жағ­дай­ын қам­та­ма­сыз ету­ге ар­нал­ған құ­рал
    12
    Қо­қыс жи­най­тын қа­лақ
    да­на
    1
    12 ай
    Үй-жай­ды жи­нау ке­зін­де қо­қыс жи­нау үшін
    1 та­за­ла­у­шы­ға
    Ең­бек жағ­дай­ын қам­та­ма­сыз ету­ге ар­нал­ған құ­рал
    13
    Ше­лек
    да­на
    1
    12 ай
    Үй-жай­ды жи­нау ке­зін­де сұй­ық­тық құ­я­тын ыдыс
    1 та­за­ла­у­шы­ға
    Ең­бек жағ­дай­ын қам­та­ма­сыз ету­ге ар­нал­ған құ­рал
    14
    По­ли­эти­лен қап­шық***
    па­кет
    20
    1 ай
    Бір рет пай­да­ла­ну және қо­қыс са­лын­ған ыдыс­қа та­стау үшін
    1 жұ­мыс ор­ны­на қо­қыс үшін
    Тұр­мыста пай­да­ла­ну үшін шы­ғыс ма­те­ри­а­лы
    2. Аумақ­ты та­за­лау
    15
    Үш­кір кү­рек****
    да­на
    1
    24 ай
    Жер қа­зу жұ­мысын­да пай­да­ла­ну үшін
    1 ме­ке­ме­ге
    Ең­бек жағ­дай­ын қам­та­ма­сыз ету­ге ар­нал­ған құ­рал
    16
    Қа­лақ­ты кү­рек****
    да­на
    1
    24 ай
    Жер қа­зу жұ­мысын­да пай­да­ла­ну үшін
    1 ме­ке­ме­ге
    Ең­бек жағ­дай­ын қам­та­ма­сыз ету­ге ар­нал­ған құ­рал
    17
    Мұз­дан та­зар­та­тын қыр­ғыш
    да­на
    2
    24 ай
    Қы­сқы жағ­дай­да аумақ­ты мұз­дан та­зар­ту ке­зін­де пай­да­ла­ну үшін
    1 ме­ке­ме­ге
    Ең­бек жағ­дай­ын қам­та­ма­сыз ету­ге ар­нал­ған құ­рал
    18
    Би­я­лай
    жұп
    1
    1 ай
    Қол­ды кір­ден, шаң­нан және қа­жа­лу­дан қор­ғау үшін
    1 адам­ға
    Ең­бек жағ­дай­ын қам­та­ма­сыз ету­ге ар­нал­ған құ­рал
    19
    Сы­пыр­ғыш****
    да­на
    1
    12 ай
    Аумақ­ты жи­нау ке­зін­де жағ­дай жа­сау үшін
    1 ме­ке­ме­ге
    Ең­бек жағ­дай­ын қам­та­ма­сыз ету­ге ар­нал­ған құ­рал
    20
    Те­мір қа­лақ****
    да­на
    1
    12 ай
    Аумақ­ты жи­нау ке­зін­де қо­қыс жи­нау үшін
    1 ме­ке­ме­ге
    Ең­бек жағ­дай­ын қам­та­ма­сыз ету­ге ар­нал­ған құ­рал
    21
    Те­мір ше­лек****
    да­на
    1
    12 ай
    Аумақ­ты жи­нау ке­зін­де қо­қыс са­лы­на­тын ыдыс
    1 ме­ке­ме­ге
    Ең­бек жағ­дай­ын қам­та­ма­сыз ету­ге ар­нал­ған құ­рал
    22
    15-25 метр­лік су­а­ру шлан­гі­сі
    да­на
    1
    24 ай
    Гүл, кө­гал, ағаш су­а­ру және аумақ­та су­мен бас­қа да жұ­мыс іс­теу үшін
    1 объ­ек­ті­ге
    Ең­бек жағ­дай­ын қам­та­ма­сыз ету­ге ар­нал­ған құ­рал
    23
    Бір ось­ті жүк ар­ба­сы
    да­на
    1
    84 ай
    Аумақ­ты жи­нау ке­зін­де түс­кен жа­пы­рақ­ты, қо­қы­сты және бас­қа да қал­дық­ты жи­нау үшін
    2 штат­ты аула та­за­ла­ғыш­қа Ең­бек жағ­дай­ын қам­та­ма­сыз ету­ге ар­нал­ған құ­рал
    24
    Шөп шап­қыш
    да­на
    1
    84 ай
    Те­гіс жер­ді өң­деу ке­зін­де шөп ша­бу үшін
    2 штат­ты аула та­за­ла­ғыш­қа Ең­бек жағ­дай­ын қам­та­ма­сыз ету­ге ар­нал­ған құ­рал
    25
    Трим­мер
    да­на
    1
    84 ай
    Кө­гал қыр­қу, аға­штың бұ­та­сы мен жас бұ­та­ғын ке­су үшін
    2 штат­ты аула та­за­ла­ғыш­қа Ең­бек жағ­дай­ын қам­та­ма­сыз ету­ге ар­нал­ған құ­рал
    Ескертпе:
    *1 адамға 1 айға (24 жұмыс күні) 30 г. Есептеу қабаттағы жеке құрам санынан жүргізіледі.
    ** мерзімді әскери қызметшілер жоқ тек әкімшілік ғимаратта қолданылады.
    ***1 қоқыс жәшігіне есебінен, бұл ретте санторапта толған кезде күн сайын ауыстырылады.
    ****жеке құрам санына қарай 10 адамға 1 құралдан.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.