Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 маусым 2025 ж.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2024 жылғы « »

    № қаулысымен бекітілген

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер

    1. «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысында:

    көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:

    «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдар өкілдерінің құрамында:

    «Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі (келісу бойынша), Директорлар кеңесінің мүшесі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (келісу бойынша), Директорлар кеңесінің мүшесі».

    3. «Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 33-ө өкімінде:

    Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамында:

    «Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі (келісу бойынша)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (келісу бойынша)».

    4. «Инвестициялар тарту кеңесін (инвестициялық штаб) құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 64-ө өкімінде:

    көрсетілген өкіммен бекітілген Инвестициялар тарту кеңесінің (инвестициялық штабтың) құрамында:

    «Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі, төрағаның орынбасары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, төрағаның орынбасары (келісу бойынша)».

    5. «Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы бойынша талдамалық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 169-ө өкімінде:

    Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы бойынша талдамалық кеңестің құрамында:

    «Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі, тең төраға (келісу бойынша)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, тең төраға (келісу бойынша)».

    6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 145-ө өкімінде:

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:

    «Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі (келісу бойынша)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (келісу бойынша)».

    _________________________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.