Тізбені және инватакси қызметін алушылар санатын кеңейту туралы
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 «Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген, Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларының 31-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 8950) Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Инватакси қызметін ұсыну үшін объектілер мен межелі орындар тізбесін келесі объектілер мен межелі орындар тізбесімен кеңейту:
«Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Қарағанды қаласының медициналық мекемелері (жедел (шұғыл) медициналық көмек көрсету жағдайларын қоспағанда);
Қарағанды қаласының әуежайы және теміржол вокзалдары;
Қарағанды қаласының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдары;
Қарағанды облысы білім басқармасының «Аутизмі бар балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Зағип және нашар көретіндер мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
2. Теміртау қаласындағы инватакси қызметін алушылар санатын келесі санаттармен кеңейту:
жүріп-тұруы қиын 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
аяқтарында ампутациялық тұқылдары бар екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
жүріс арбалар көмегімен жүретін екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар.
3. Күші жойылды деп тану:
Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2018 жылғы 23 тамыздағы №36/2 «Мүгедек адамдардың құқықтарын іске асыру және қорғаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4942 болып тіркелген);
Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 23 тамыздағы №61/1 «Теміртау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 23 тамыздағы №36/2 «Мүгедектердің құқықтарын іске асыру және қорғаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29333 болып тіркелген).
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Теміртау қаласының әкімі
О. Таурбеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.