Қаражал қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңының 17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаражал қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қаражал қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаражал қаласының әкімі
А.Елеусизов
2024 жылғы 26
маусымдағы
№ 35
қаулысына қосымша
Қаражал қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі
|
№
|
Орындар
|
|
1.
|
Ықылас Дүкенов және Сайдалы Сары Тоқа көшелерінің қиылысы
|
|
2.
|
25 орам, Ұлытау облысы білім басқармасының Қаражал қаласы білім бөлімінің «№ 7 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауданында
|
|
3.
|
Абай көшесі, № 22 үй, «Жәйрем кентінің мәдени-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауданында
|
|
4.
|
Береке көшесі, № 19а
үй, Ұлытау облысы білім басқармасының Қаражал қаласы білім бөлімінің «№ 11 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауданында
|
|
5.
|
Карл-Маркс көшесі, № 3-2а үй, Қаражал қаласының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «№ 7 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі филиалының бұрынғы ғимараты
|
|
6.
|
Атасу көшесі, №2 үй, Ұлытау облысы білім басқармасының Қаражал қаласы білім бөлімінің «№ 6 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауданында
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.