«Қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 896 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 шілде 2024 ж.

    «Қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 896 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 896 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларында:

    41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «41. Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілер арасында қару-жарақ пен әскери техниканы беру бірлескен шешім қабылдау арқылы жүзеге асырылады, оны қабылдаушы тарап әзірлейді және тапсырушы тараппен келісіледі.».

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.