«Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 шілде 2024 ж.

    «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларында:

    9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «9. Тізімдеме актілерін есепке алу үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актілерін есепке алу кітабы (бұдан әрі – есепке алу кітабы) жүргізіледі. 

    Есепке алу кітабын уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мемлекеттік мүлік тізілімінде электрондық форматта жүргізеді. Есепке алу кітабында тізімдеме актілері олардың түсуіне қарай тіркеледі.

    Уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның басшысы есепке алу кітабын жүргізуге жауапты қызметкерді айқындайды.

    Есепке алу кітабындағы жазбалар әрбір оқиға: тізімдеме актісіне қол қою, бағалау туралы есеп алу немесе қабылдау-беру актісіне қол қою орын алған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі және есепке алу кітабын жүргізуге жауапты қызметкердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады.

    Мемлекеттік мүлік тізілімінде техникалық іркіліс болған жағдайда уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қағаз форматтағы есепке алу кітабына жазуды анық және қатесіз жүргізеді. Қағаз форматтағы есепке алу кітабы нөмірленуге, тігілуге және уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның мөрімен бекітілуге тиіс.

    Уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган техникалық іркіліс жойылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей қағаз форматтағы есепке алу кітабындағы жазбаларды мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізеді.»;

    мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

    «12-1. Уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның теңгерімінде стандарттарда, техникалық шарттарда, технологиялық нұсқаулықтарда, сақтау жөніндегі нұсқаулықтарда, тауарлардың жекелеген түрлерiн сақтау қағидаларында, қойма үшiн мiндеттi өзге де арнайы нормативтiк құжаттарда белгiленген сақтау талаптарына (режимiне) сәйкес келетін қойма үй-жайлары бар болса, уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті осы үй-жайларда сақтау жұмысын ұйымдастырады.»;

    18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «18. Тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы болуы ықтимал мүлікті Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» және «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заңдарына сәйкес құрылатын тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссия және ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимі жөніндегі сараптама комиссиясы қарайды.

    Тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылыққа жатқызылған мүлiкті тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен келiсім бойынша мемлекеттік музейлерге өтеусiз беруге болады.»;

    29-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Мүлік туралы ақпаратты шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган мүлікті есепке алу және өткізу бойынша электрондық сервиске бірыңғай қолжетімділік нүктесі болып табылатын www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан интернет-ресурста (бұдан әрі – тізілім веб-порталы) жариялайды.»;

    көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2024 жылғы

    № қаулысына

    қосымша

    Жекелеген негiздер

    бойынша мемлекет

    меншiгiне айналдырылған

    (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау,

    бағалау және одан әрi

    пайдалану қағидаларына

    2-қосымша

    2-нысан

    20 __ жылы мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiлерiн есепке алу кітабы

    Р/с №
    Жа­з­ба жүр­гі­зі­л­ген күн
    Мү­лік­ті ті­зім­деу, ба­ға­лау және (неме­се) қа­был­дау-бе­ру ак­ті­сі­нің нө­мі­рі және кү­ні
    Жа­з­ба жүр­гі­зу­дің негіз­де­ме­сі (құ­жат­тың ата­уы, нө­мі­рі және кү­ні)
    Бұ­рын­ғы ие­ле­рі­нің ата­уы неме­се өті­ніш бе­ру­ші­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
    Мү­лік­тің ата­уы (са­на­ты)
    Мү­лік­ті ті­зім­деу, ба­ға­лау және (неме­се) қа­был­дау-бе­ру ак­ті­сі бой­ын­ша мү­лік­тің құ­ны (бар бол­са), тең­ге
    Мү­лік­тің ба­ға­лау құ­ны, тең­ге
    Мү­лік­ті ті­зім­деу, ба­ға­лау және (неме­се) қа­был­дау-бе­ру ак­ті­сі кім­ге және қа­шан жі­бе­ріл­ді
    Мү­лік кім­ге және қа­шан бе­рі­л­ген не са­ты­л­ған (ше­ші­мі­нің, шар­ттың, мү­лік­ті қа­был­дау-бе­ру ак­ті­сі­нің № және кү­ні)
    Мү­лік үшін соң­ғы есеп ай­ы­ры­су кү­ні
    Нақ­ты түс­кен со­ма, тең­ге
    бюд­жет­ке
    Бі­лім бе­ру ин­фра­құ­ры­лы­мын қол­дау қо­ры­на
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    _____________________________________________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.