Отырар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 56/266-VI «Отырар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 шілде 2024 ж.

    Отырар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 56/266-VI «Отырар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Отырар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы №56/266-VI «Отырар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5718 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

    «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, сондай-ақ арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындау туралы»;

    көрсетілген шешімнің 2- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Отырар аудандық мәслихатының төрағасы

    У. Ұзақов

    Отырар аудандық мәслихатының

    2024 жылғы 12 шілдедегі

    № 17/94-VIII шешіміне қосымша

    2020 жылғы 24 маусымдағы

    № 56/266-VI шешіміне 2-қосымша

    Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

    Пикеттеуді өткізуге тыйым салынады:

    1) Жаппай жерлеу орындарында;

    2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және 800 метрден кем емес оларға іргелес жатқан аумақтарда;

    3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға 800 метрден кем емес іргелес жатқан аумақтарда;

    4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге 800 метрден кем емес іргелес жатқан аумақтарда;

    5) магистральдық темір жол желілерінде, магистральдық құбыр жолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға 800 метрден кем емес іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.