Ақтөбе облысының 2024 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялау көлемін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 шілде 2024 ж.

    Ақтөбе облысының 2024 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялау көлемін бекіту туралы

    «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 тіркелген) сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысының 2024 жылға арналған акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемі бекітілсін.

    2. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Ақтөбе облысының әкімі

    А. Шахаров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

    Ақтөбе облысы әкімдігінің

    2024 жылғы 10 шілдедегі

    № 183 қаулысына қосымша

    2024 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялау көлемі

    Суб­си­ди­я­лау түр­ле­рі
    Өл­шем
    бір­лі­гі
    Суб­си­ди­я­ла­на­тын кө­лем
    Суб­си­ди­я­лар со­ма­сы, тең­ге
    1.
    Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеуге арналған субсидиялар
    1.1
    Ал­бырт тұқым­дас ба­лық­тар және олар­дың бу­дан­да­ры
    тонна
    40
    10 800 000,0
    1.2
    Тұқы тұқым­дас ба­лық­тар және олар­дың бу­дан­да­ры
    154
    16 170 000,0
    1.3
    Бе­кі­ре тұқым­дас ба­лық­тар және олар­дың бу­дан­да­ры
    4,5
    1 282 500,0
    1.4
    Жай­ын тұқым­дас ба­лық­тар және олар­дың бу­дан­да­ры
    4
    831 600,0
    2.
    Балық өсіру материалдарын сатып алу бойынша шығыстарды
    өтеуге арналған субсидиялар
    2.1
    Тұқы тұқым­дас ба­лық­тар және олар­дың бу­дан­да­ры­ның ша­ба­ғы (30 грам­ға дей­ін)
    мың да­на
    300,0
    4 500 000,0
    2.2
    Ал­бырт тұқым­дас ба­лық­тар мен олар­дың бу­дан­да­ры­ның ұрық­тан­ған уыл­ды­ры­ғы
    мың да­на
    700,0
    3 500 000,0
    3.
    Балық басын толықтыратын аналық балық үйірі сатып алу және
    оларды күтіп-ұстау бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар
    3.1
    Бе­кі­ре тұқым­дас ба­лық­тар мен олар­дың бу­дан­да­ры үшін
    да­на
    333
    10 000 000,0
    4
    Дәрілік препараттарды сатып алу бойынша шығыстарды өтеуге
    арналған субсидиялар
    4.1
    Ан­ти­био­тиктер және пре­па­рат­тар
    тон­на
    70
    350 000,0
    Барлығы:
    47 434 100,0

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.