Есіл ауданы әкімінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 60 «Есіл ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 шілде 2024 ж.

    Есіл ауданы әкімінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 60 «Есіл ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы

    Есіл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Есіл ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» Есіл ауданы әкімінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 60 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8716-03 болып тіркелген) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің қосымшасында:

    келесі мазмұндағы 37 жолмен толықтырылсын:

    «

    37.
    № 790 сайлау учаскесі
    Орналасқан жері: Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі, 63, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаменті Есіл ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты, уақытша ұстау изоляторы. Шекаралары: Есіл ауданы, Есіл қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі, 63.
    ».
    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Есіл ауданының әкімі

    С.Балжанов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Есіл аудандық аумақтық

    сайлау комиссиясы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.