Май аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 2/14 «Май ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Май аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Май аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 2/14 «Май ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 167046 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 7-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері оқу жылы ішінде тоқсан сайын әрбір мүгедектігі бар балаға сегіз айлық есептік көрсеткішке тең.».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Май аудандық мәслихатының төрағасы
М. Хызыр
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.