«АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-137/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 шілде 2024 ж.

    «АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-137/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-137/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21467 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларында:

    3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «3. Халық пен халықтың негізгі топтары үшін профилактикалық іс-шаралар еріктілік, құпиялылық қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырылады. Халықтың негізгі топтарына инъекциялық есірткіні тұтынатындар, ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлер, секс жұмыскерлері, трансгендер адамдар (жасы 18 және одан жоғары) және бостандығы шектелген, сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған адамдар жатады.»;

    9 және 10-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

    «9. Халықтың негізгі топтарына медициналық және үкіметтік емес ұйымдарда орналасқан сенім пункттерінде, стационарлық сенім пункттерінде, жылжымалы сенім пункттерінде, достық кабинеттерінде емдік-профилактикалық қызметтерін ұсыну аутрич қызметкерлер мен әлеуметтік қызметкерлерді тарта отырып, АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтиды:

    1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес анонимдік және құпия негізде бірегей сәйкестендіру кодын беру мүмкіндігімен;

    2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес халықтың негізгі топтарының бір өкіліне шығыс материалдарын тегін ұсынумен (өтеусіз негізде медициналық бұйымдарды тарату: көлемі шағын "өлі" бір реттік шприцтер, спирттік майлықтар, презервативтер, лубрикант, налоксон);

    3) ақпараттық-білім беру компонентімен: АИТВ инфекциясы, вирустық гепатиттер, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (бұдан әрі - ЖЖБИ) мәселелері бойынша жұқтыру қаупін төмендететін мінез-құлық нысандарына, АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарды АРВ-терапия, АРВ-терапияға бейілділік қажеттілігі туралы хабардар етуге қатысты шағын сессиялар, әңгімелесулер немесе ақпараттық-білім беру материалдарын тарату (бұдан әрі – ақпараттық-білім беру компоненті);

    4) АИТВ инфекциясы, ЖЖБИ, вирустық гепатиттер мәселелері бойынша тестіге дейін және одан кейінгі консультация берумен;

    5) АИТВ, ЖЖБИ, вирустық гепатиттерге тексеру; оның ішінде мультиплекстік экспресс тесттерді, жүктілікке арналған тестті пайдалана отырып, тексеру арқылы;

    6) апиын агонистерімен алмастырушы терапияны қолдайтын байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактиканы ұсыну туралы консультация беру арқылы жүзеге асырылады.

    Халықтың негізгі топтарын тестілеумен қамту профилактикалық бағдарламалармен қамтудың кемінде 95%-ы болуға тиіс.

    ИЕТ-ды ақпараттық-білім беру компонентін, презервативтер, шприцтер таратуды қамтитын профилактикалық көрсетілетін қызметтермен қамту бағалау санының кемінде 70%-ы немесе одан артық болуға тиіс.

    Секс жұмыскерлерді ақпараттық-білім беру компонентін және презервативтер таратуды қамтитын профилактикалық көрсетілетін қызметтермен қамту бағалау санының кемінде 80%-ы немесе одан артық болуға тиіс.

    ЕЖЕ-ді ақпараттық-білім беру компонентін, презервативтер, лубриканттар таратуды қамтитын профилактикалық көрсетілетін қызметтермен қамту бағалау санының кемінде 30%-ы немесе одан артық болуға тиіс.

    Халықтың негізгі топтары арасындағы жұмыс индикаторлары: 1 аутрич жұмыскерге жүктеме тұрақты түрде профилактикалық бағдарламаларға жаңа адамдарды тарта отырып, 70 адамды және одан артық адамды құрайды. АИТВ инфекциясының болуына тестілеуден өткен адамдар саны – профилактикалық бағдарламаларға тартылғандар санының кемінде 95%-ы.

    АИТВ-мен өмір сүретін адамдар арасындағы жұмыс индикаторлары: 1 аутрич жұмыскерге жүктеме кемінде 60 адамды құрайды және 1 әлеуметтік жұмыскерге жүктеме кемінде 30 адамды құрайды.

    10. Стационарлық және жылжымалы сенім пункттерінің жұмыс кестесін олар орналасқан ұйымдар айқындайды, стационарлық сенім пункті эпидемиологиялық жағдай ескеріле отырып, халықтың негізгі топтарының бағалау санынан 500 және одан көп адамға бір сенім пункті есебінен ашылады. АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және үкіметтік емес ұйымдардың жанындағы стационарлық және жылжымалы сенім пункттерін жарақтандыру Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қалыптастырылады.»;

    14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «14. Үкіметтік емес ұйымдар арқылы мемлекеттік әлеуметтік гранттар мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды орналастыру және іске асыру Қазақстан Республикасындағы (бұдан әрі – ҚР) үкіметтік емес ұйымдар қызметінің мәселелері жөніндегі заңнамаға және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес жүргізіледі, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

    Үкіметтік емес ұйымдар АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі қызметті АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарды тестілеуден бастап емдеуге бейілділікке дейін көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ете отырып, профилактикалық бағдарламаларға негізгі топтардың өкілдерін тарту арқылы жүзеге асырады.»;

    17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «17. Байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактиканы ұсыну денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның жанындағы медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссия мақұлдаған ересектер мен балаларда АИТВ инфекциясын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларының ұсынымдарына сәйкес жүргізіледі. АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын медициналық денсаулық сақтау ұйымдары ықтимал қажеттіліктерге сүйене отырып, экспресс тесттерді уақтылы жоспарлайды және сатып алады.»;

    19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «19. АИТВ-ға экспресс тестілеу сапасын бағалау мақсатында мониторингтік баруды АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары АИТВ-ға экспресс тесттерді пайдаланатын денсаулық сақтау ұйымдарында және үкіметтік емес ұйымдарда (жылына кемінде 50 көрсетілетін қызмет) жылына бір рет жүргізеді.»;

    мынадай мазмұндағы 20 және 21-тармақтармен толықтырылсын:

    «20. ИЕТ, СЖ, ЕЖЕ арасында АИТВ инфекциясының таралуын анықтау үшін жыл сайын биомінез-құлықтық зерттеулер жүргізіледі. Халықтың негізгі топтары арасында биомінез-құлықтық зерттеу жүргізу үшін көрсетілетін қызметтер тізбесі Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес қалыптастырылады;

    21. Халық арасында ақпараттық жұмыс жүргізу үшін көрсетілетін қызметтер тізбесі Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес айқындалған.»;

    Қағидаларға 3 және 4 қосымша лар осы бұйрыққа 1 және 2- қосымшаға ларға сәйкес жаңа редакцияға жазылсын;

    осы бұйрыққа 3 және 4-қосымша ларға сәйкес 5 және 6-қосымшалармен толықтырылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі

    А. Альназарова

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрінің

    2024 жылғы 11 шілдедегі

    № 55 бұйрығына

    1-қосымша

    АИТВ инфекциясының

    профилактикасы жөніндегі

    іс-шараларды жүргізу

    қағидаларына

    3-қосымша

    АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және үкіметтік емес ұйымдардың жанындағы стационарлық және жылжымалы сенім пункттерінің жарақтандырылуы

    Ста­ци­о­нар­лық се­нім пунк­ті
    Са­ны
    1
    Бак­те­ри­цид­ті экран­дал­ған ста­ци­о­нар­лық сәу­ле­лен­дір­гіш
    1
    2
    Зерт­ха­на­лық тай­мер
    1
    3
    Бір жап­па­лы ме­ди­ци­на­лық шкаф
    1
    4
    Ком­пью­тер
    1
    5
    Прин­тер
    1
    6
    Құ­жат­та­ма­ға ар­нал­ған шкаф
    1
    7
    Ки­ім­ге ар­нал­ған шкаф
    1
    8
    Ме­ди­ци­на­лық үстел
    2
    9
    Үстел
    1
    10
    Орын­дық­тар
    2
    11
    «На­лок­сон» пре­па­ра­тын қо­са ал­ған­да, ал­ғаш­қы ме­ди­ци­на­лық кө­мек­ке ар­нал­ған дә­рі-дәр­мек қо­ра­бы
    1
    12
    То­но­метр
    1
    13
    Те­ле­фон ап­па­ра­ты
    1
    Жы­л­жы­ма­лы се­нім пунк­ті
    Са­ны
    1
    Ме­ди­ци­на­лық шкаф
    1
    2
    Бак­те­ри­цид­ті сәу­ле­лен­дір­гіш
    1
    3
    Зерт­ха­на­лық тай­мер
    1
    4
    Ме­ди­ци­на­лық үстел
    1
    5
    «На­лок­сон» пре­па­ра­тын қо­са ал­ған­да, ал­ғаш­қы ме­ди­ци­на­лық кө­мек­ке ар­нал­ған дә­рі-дәр­мек қо­ра­бы
    1
    6
    То­но­метр
    1

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрінің

    2024 жылғы «___»_________

    №_____ бұйрығына

    2-қосымша

    АИТВ инфекциясының

    профилактикасы жөніндегі

    іс-шараларды жүргізу

    қағидаларына

    4-қосымша

    АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және үкіметтік емес ұйымдардың жанындағы достық кабинеттерінің жарақтандырылуы

    До­стық ка­би­не­ті (ги­не­ко­лог+дер­ма­то­ве­не­ро­лог)
    Са­ны
    1.
    Ком­пью­тер
    1
    2.
    Прин­тер
    1
    3.
    Гри­бок ау­ру­ла­рын ди­а­гно­сти­ка­ла­у­ға ар­нал­ған лю­ми­нес­цент­ті шам (Вуд ша­мы)
    1
    4.
    Им­мер­си­я­лы био­ло­ги­я­лық би­но­ку­ляр­лық мик­ро­скоп
    1
    5.
    Экран­дал­ған бак­те­ри­цид­ті сәу­ле­лен­дір­гіш
    2
    6.
    Жы­л­жы­ма­лы бір ре­флек­тор­лық ме­ди­ци­на­лық шам
    1
    7.
    Сте­риль­ді құ­рал­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған ка­ме­ра
    1
    8.
    Дер­ма­то­ве­не­ро­лог құ­рал­да­ры­ның жиын­тығы
    2
    9.
    Аку­шер-ги­не­ко­лог құ­рал­да­ры­ның жиын­тығы
    2
    10.
    Ме­ди­ци­на­лық ку­шет­ка
    1
    11.
    Дә­рі­гер­дің ме­ди­ци­на­лық үсте­лі
    1
    12.
    Мей­ір­гер үсте­лі
    1
    13.
    Дә­рі­гер­дің ме­ди­ци­на­лық орынды­ғы
    1
    14.
    Мей­ір­гер орынды­ғы
    1
    15.
    Па­ци­ент орынды­ғы
    2
    16.
    Ме­ди­ци­на­лық қал­қа
    1
    17.
    Құ­жат­та­ма­ға ар­нал­ған ме­ди­ци­на­лық шкаф
    1
    18.
    Ки­ім­ге ар­нал­ған ме­ди­ци­на­лық шкаф
    1
    19.
    Өл­шеу тас­па­сы
    1
    20.
    Бүй­рек тә­р­із­ді на­уа
    1
    21.
    Се­кун­до­мер
    1
    22.
    Дез­ин­фек­ци­я­лық ері­т­ін­ді­ге ар­нал­ған ста­қан
    1
    23.
    Ме­ди­ци­на­лық тер­мо­метр
    5
    24.
    То­но­метр
    1
    25.
    Фо­нен­до­скоп
    1
    26.
    Ме­ди­ци­на­лық қа­лақ­ша
    20
    27.
    Лу­па-шам
    1
    28.
    Бой өл­ше­гі­ші бар ме­ди­ци­на­лық та­ра­зы
    1
    29.
    Жы­л­жы­ма­лы ас­пап­тар үсте­лі
    1
    30.
    Ги­не­ко­ло­ги­я­лық крес­ло
    1
    31.
    Ди­а­тер­мо­ко­а­гу­ля­тор
    1
    32.
    Ша­ғын хи­рур­ги­я­лық жиын­тық
    1
    33.
    Коль­по­скоп
    1

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрінің

    2024 жылғы «___»__________

    №_____ бұйрығына

    3-қосымша

    АИТВ инфекциясының

    профилактикасы жөніндегі

    іс-шараларды жүргізу

    қағидаларына

    5-қосымша

    Халықтың негізгі топтары арасында биомінез-құлықтық зерттеулер жүргізуге арналған көрсетілетін қызметтер тізбесі

    Ме­ди­ци­на­лық көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ко­ды
    Ме­ди­ци­на­лық көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ата­уы
    Ха­лық­тың негіз­гі топ­та­ры­ның 1 ада­мы­на көр­се­ті­ле­тін қыз­мет жи­і­лі­гі
    Ха­лық­тың негіз­гі топ­та­ры, қа­ты­су­шы­лар са­ны­нан көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің үлес сал­ма­ғы
    1
    Кон­суль­та­ция: эпи­де­мио­лог-дә­рі­гер
    1
    45%
    2
    Кон­суль­та­ция: эпи­де­мио­лог кө­мек­ші­сі
    1
    55%
    3
    B06.856.005
    Ка­пил­ляр­лық қан­ның құр­ғақ там­шы­сын­да АИТВ-1,2-ге ан­ти­де­не­лер­ді ИФТ әді­сі­мен анық­тау
    1
    90%
    4
    B03.860.003
    АИТВ-1,2-ге жиын­тық ан­ти­де­не­лер­ді және р24 ан­ти­ге­нін экс­пресс әдіспен анық­тау
    1
    10%
    5
    B06.854.005
    Ка­пил­ляр­лық қан­ның құр­ғақ там­шы­сын­да С ге­па­ти­тіне ан­ти­де­не­лер­ді ИФТ әді­сі­мен анық­тау
    1
    100%
    6
    B06.853.005
    Ка­пил­ляр­лық қан­ның құр­ғақ там­шы­сын­да Treponema pallidum-ге ан­ти­де­не­лер­ді ИФТ әді­сі­мен анық­тау
    1
    100%
    7
    D99.296.013
    Са­у­сақ­тан қан алу
    1
    100%
    8
    Ме­ди­ци­на­лық қал­дық­тар­ды қа­уіп­сіз жи­на­у­ға және кә­де­ге жа­ра­ту­ға ар­нал­ған кон­тей­нер­лер (бұ­дан әрі – ҚЖ­КЖҚ)
    12
    100%
    9
    ҚЖ­КЖҚ-ны кә­де­ге жа­ра­ту
    12
    100%

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрінің

    2024 жылғы «___»__________

    №_____ бұйрығына

    4-қосымша

    АИТВ инфекциясының

    профилактикасы жөніндегі

    іс-шараларды жүргізу

    қағидаларына

    6-қосымша

    Халық арасында ақпараттық жұмыс жүргізу үшін көрсетілетін қызметтер тізбесі

    Көр­се­ті­ле­тін
    қыз­мет ата­уы
    Са­ны
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет жи­і­лі­гі
    1
    Бан­нер­лер
    1
    100 000 тұр­ғын­ға шақ­қан­да 1-еу
    2
    Бей­не­ро­лик­тер
    1
    жы­лы­на
    3
    Бил­борд­тар
    1
    жы­лы­на
    4
    Пла­кат­тар мен стенд­тер
    1
    1 ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­ға, оның ішін­де тер­геу изо­ля­тор­ла­ры және қыл­мыстық-ат­қа­ру жүй­е­сі ме­ке­ме­ле­ріне

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.