Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1222 және «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1358 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 желтоқсан 2025 ж.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1222 және «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1358 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    2) «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1358 қаулысында:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларында:

    2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Жекелеген жағдайларда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде тұрғынжайға уақытша (маусымдық) тұруға арналған қираған немесе әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында төтенше жағдай жарияланған кезде меншік құқығында басқа тұрғынжайы жоқ меншік иелері және олардың отбасылары үшін тұруға жарамсыз болып қалған құрылыс жатады.»;

    мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:

    «3-2. Меншік иесінде, оның жұбайында (зайыбында) және кәмелетке толмаған балаларында уақытша (маусымдық) тұруға арналған, осы Қағидалардың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген бірнеше құрылысжай болған жағдайда құрылысжайлардың біреуі ғана өтелуге тиіс.»;

    9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «9-1. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғынжайға ішінара зақым келген жағдайда жергілікті атқарушы орган техникалық тексеру және сметалық құжаттама негізінде оны қалпына келтіру тетіктерінің бірін мыналар арқылы айқындайды:

    1) жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымды тарту;

    2) жөндеу жұмыстарын өз бетінше жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған азаматтарға шығыстарды төлеу.».

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.