Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаЗаң
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 шілде 2024 ж.

    Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    1) 44-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы 11) тармақшасындағы «сомасының пайызымен көрсетiледi.» деген сөздер «сомасының;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:

    «12) төленбеген кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары сомасының;

    13) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде декларацияланбаған не анық емес декларацияланған қолма-қол ақша қаражаты сомасының және (немесе) ақша құралдары құнының пайызымен көрсетiледi.»;

    2) 233-бапта:

    бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «іс-әрекеттер iрi залал келтiрмесе» деген сөздер «әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса» деген сөздермен ауыстырылсын;

    екінші бөліктің бірінші абзацындағы «іс-әрекет жеке тұлғаға, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрмесе» деген сөздер «әрекетте қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса» деген сөздермен ауыстырылсын;

    3) 238-бапта:

    бірінші бөлікте:

    1) тармақшадағы «есеп жүргізуден жалтару, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса» деген сөздер «есепке алуды жүргізуден жалтару» деген сөздермен ауыстырылсын;

    2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «2) бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау, бухгалтерлiк есепке алуда көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, бухгалтерлік құжаттамаға ұйымның шаруашылық және қаржылық қызметі туралы көрінеу жалған ақпаратты енгізу, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы жою;»;

    екінші абзацтағы «елу» деген сөз «бір жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;

    4) 239-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «есеп жүргізуден жалтару, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса» деген сөздер «есепке алуды жүргізуден жалтару» деген сөздермен ауыстырылсын;

    5) 545-баптың бірінші абзацы «өткізу» деген сөзден кейін «, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса,» деген сөздермен толықтырылсын;

    6) 549-баптың бірінші абзацы «беру» деген сөзден кейін «, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса,» деген сөздермен толықтырылсын;

    7) 550-баптың бірінші абзацы «пайдалану» деген сөзден кейін «, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса,» деген сөздермен толықтырылсын;

    8) 551-бапта:

    бірінші бөлікте:

    бірінші абзац «өзге де анық емес мәліметтерді мәлімдеуі» деген сөздерден кейін «, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса,» деген сөздермен толықтырылсын;

    екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

    «төленбеген кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары сомасының жиырма бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

    екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «төленбеген кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

    үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «декларацияланбаған не анық емес декларацияланған ақша қаражаты мен ақша құралдары тәркілене отырып, декларацияланбаған не анық емес декларацияланған қолма-қол ақша қаражаты сомасының және (немесе) ақша құралдары құнының жиырма бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

    мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

    «Ескертпе. Кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының төленуге жататын сомалары «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептеледі.»;

    9) 684-баптың бірінші бөлігі «550,» деген цифрлардан кейін «551 (үшінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;

    10) 720-баптың бірінші бөлігі «551» деген цифрлардан кейін «(бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздермен толықтырылсын;

    11) 804-баптың бірінші бөлігінің 31) тармақшасы «550,» деген цифрлардан кейін «551 (үшінші бөлігі),» деген сөздермен толықтырылсын.

    2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Президенті

    Қ. ТОҚАЕВ

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.