Шардара аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 61/376/VI «Шардара ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 шілде 2024 ж.

    Шардара аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 61/376/VI «Шардара ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Шардара аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы №61/376-VI «Шардара ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5711 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудандық мәслихат төрағасының өкілеттігін уақытша атқарушы

    Д. Дуйсенов

    Шардара аудандық мәслихатының

    2024 жылғы 2 шілдедегі

    №25-129-VII шешіміне қосымша

    Шардара аудандық мәслихатының

    2020 жылғы 24 маусымдағы

    № 61/376-VI шешіміне 2- қосымша

    Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

    Мынадай объектілердің іргелес аумақтарының шекараларынан 800 метр қашықтықта пикеттеуді өткізуге жол берілмейді:

    1. жаппай жерлеу орындарында;

    2. теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

    3. мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

    4. қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

    5. магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.