Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 28 маусым 2024 ж.
Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы №2/16 «Жаңаарқа ауданы Атасу кенті бойынша коммуналдық қалдықтарды жинауға, шығаруға, көмуге және кәдеге жаратуға арналған тарифтерді бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 - бабына сәйкес Жаңаарқа аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының «Жаңаарқа ауданы Атасу кенті бойынша коммуналдық қалдықтарды жинауға, шығаруға, көмуге және кәдеге жаратуға арналған тарифтерді бекіту туралы» 2016 жылғы 11 мамырдағы № 2/16 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3828 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат төрағасы
Ю. Беккожин
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.