«Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен мәліметтерді қалыптастыру, оларға қол жеткізу, пайдалану, сақтау, қорғау және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 21 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 шілде 2024 ж.

    «Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен мәліметтерді қалыптастыру, оларға қол жеткізу, пайдалану, сақтау, қорғау және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 21 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен мәліметтерді қалыптастыру, оларға қол жеткізу, пайдалану, сақтау, қорғау және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 21 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31702 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен мәліметтерді қалыптастыру, оларға қол жеткізу, пайдалану, сақтау, қорғау және жою қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен мәліметтерді қалыптастыру, оларға қолжетімділік, оларды пайдалану, сақтау, қорғау және жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мыналарды:

    1) қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, іздестіру істері атқарушылық іс жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу шеңберінде ақпарат алу үшін құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдары қызметкерлерінің (бұдан әрі – пайдаланушылар) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен (бұдан әрі – ҚАО ААЖ) мәліметтерді қалыптастыру тәртібін;

    2) пайдаланушылардың ҚАО ААЖ-ға қолжетімділігін ұйымдастыру тәртібі;

    3) ҚАО ААЖ арқылы алынған мәліметтерді пайдалану, сақтау, қорғау және жою тәртібін анықтайды.

    Ескіртпе: «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабының 1-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Заң) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен оларға жүктелген міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты өзге органдардың алу негіздері айқындалады.

    Заңының 16-2-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарының құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен жария емес тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру қызметін жүргізу үшін, сондай-ақ оларға жүктелген өзге де міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты алу негіздері айқындалады.

    Занының 16-2-бабының 5 тармағына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу негіздері айқындалады.»;

    2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. ҚАО ААЖ-дан мәліметтерді қалыптастыруды ҚАО ААЖ тіркелген пайдаланушылар осы Қағидалардың 1-қосымшасы нда көрсетілген ҚАО ААЖ-дың рөлдерін негіздер бойынша бөлу тізбесіне (бұдан әрі – Рөлдер тізбесі), осы Қағидалардың 2-қосымшасы на сервистерге (бұдан әрі – Қолжетімділік құқықтары) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) құралдарын қолдана отырып, Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы арқылы жүзеге асырады.

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сервистері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 8-тарауының баптары бойынша қолжетімді.»;

    5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «5. Сұрау салудың негізділігі оператор – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен (бұдан әрі – ҚСжАЕК) ҚСжАЕК-нің ақпараттық жүйелерінде, атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АІО ААЖ) пайдаланушының іс жүргізуінде осы Қағидалардың 23-тармағын қоспағанда, сұрау салуға бастама жасауға негіз болған материалдардың болуын салыстыру арқылы тексеруге жатады.»;

    10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «10. Ведомстволық бақылау пайдаланушылардың барлық сұрау салулары көрсетілетін «Есептер» функционалы арқылы сұрау салулардың кезеңдік мониторингісінде, бірақ айына кемінде бір рет жасалады.

    Оператормен «Есептер» функционалына қол жеткізуді бірінші басшының орынбасары немесе оның міндетін атқарушы адам немесе құрылымдық бөлімшесінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қойған органының дәлелді хаты бойынша ұсынылады.»;

    14, 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «14. Басқа лауазымға немесе бөлімшеге ауыстыру себебінен пайдаланушының құқықтарын өзгерген жағдайда, пайдаланушы бұйрыққа қол қойылған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде ҚАО ААЖ порталы арқылы электрондық өтінім жіберіледі.

    15. Пайдаланушы жұмыстан шығару, лауазымынан шеттетілген жағдайда, лауазымды адам бұйрыққа қол қойылған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде пайдаланушыны бұғаттауға арналған өтінімді ҚАО ААЖ порталы арқылы жібереді.

    Арнайы мемлекеттік органды қоспағанда, құқық қорғау және өзге де органның кадр бөлімшесінің ақпараттық жүйесімен ҚАО ААЖ интеграциясы болған кезде пайдаланушыны жұмыстан шығару, басқа лауазымға ауыстыру, лауазымынан шеттету туралы хабарлама автоматты түрде жіберіледі.»;

    18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «18. ҚАО ААЖ-ға кіру пайдаланушының ЭЦҚ мен пайдаланушың биометриясын тексеруді (саусақ іздері немесе Face ID) немесе тіркеу кезінде пайдаланушы көрсеткен ұялы телефон нөміріне жіберілетін SMS-кодты қоса алғанда, көп факторлы аутентификация рәсімі өтуінен басталады.»;

    20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «20. Жеке және заңды тұлға туралы мәліметтерді алу үшін пайдаланушы рөлдер тізбесіне және сервистерге қолжетімділік құқықтарына сәйкес қылмыстық, іздестіру, азаматтық, әкімшілік іс, атқарушылық іс жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу шеңберінде ҚАО ААЖ-ға сұрау салу жібереді.»;

    22-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «22. Тергеу тапсырмаларын және сот қарап жатқан қылмыстық іс бойынша қосымша мәліметтерді жинау туралы прокурордың тапсырмаларын орындаған жағдайда, қылмыстық іс нөмірінің және тиісті тапсырманың шығыс нөмірі толтырылады.»;

    34, 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «34. ҚАО ААЖ операторы ҚАО ААЖ әкімшілендіруді жүзеге асырады, оның шеңберінде мыналарды:

    1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтау;

    2) ҚАО ААЖ пайдалануды, сүйемелдеуді, дамуын, мониторингісін жүзеге асыруды;

    3) ҚАО ААЖ-нің үздіксіз және тиісінше жұмыс істеуін, сондай-ақ қорғалуын;

    4) ҚАО ААЖ-де электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін;

    5) ҚАО ААЖ-нің анықталған кемшіліктеріне жедел ықпал етуді және оларды жою бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.»;

    35. Пайдаланушылардың тиісінше жұмыс істеуіне, олардың тіркелуіне, сұрау салулардың негізділігін қамтамасыз етуге, ҚАО ААЖ-дан алынған электрондық ақпараттық ресурстармен, жұмысты ұйымдастыруға, оларды пайдалануға, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауға жауапты ҚАО ААЖ операторының лауазымды адамдарын ҚСжАЕК-нің төрағасы айқындайды.»;

    44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «44. Оператор Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 34-бабының 5-бөлігінде көзделген жағдайлардан басқа, пайдаланушылар және олар жүргізген сұрау салулар туралы жеке ақпаратты таратуға жол бермейді.»;

    48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «48. Мәліметтерді сақтау мерзімдері, шарттары негізгі материалдың мазмұнына қарай анықталады. Ақпарат тиісті материалдармен бірге жойылуға жатады.»;

    көрсетілген Қағидалардың 1, 2-қосымша лары осы бұйрықтың 1, 2-қосымша ларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген Қағидалардың 3-қосымшасы алып тасталсын;

    көрсетілген Қағидалардың 4, 6-қосымшалары осы бұйрықтың 3, 4-қосымша ларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

    3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектiлерiне, сондай-ақ Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдары орындау үшін жіберуін қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры

    Б. Асылов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржылық мониторинг агенттігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қорғаныс министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Мемлекеттік күзет қызметі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Сот әкімшілігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

    іс-қимыл агенттігі

    (Сыбайлас жемқорлыққа

    қарсы қызмет)

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Төтенше жағдайлар министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму, инновациялар

    жəне аэроғарыш өнеркəсібі

    министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ішкі істер министрлігі

    Генеральный Прокурор

    Республики Казахстан

    от 4 июля 2024 года

    № 88 бұйрығына

    1-қосымша

    Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік

    және өзге де органдардың ақпарат

    алмасу жүйесінен мәліметтерді

    қалыптастыру, оларға қолжетімділік,

    оларды пайдалану, сақтау, қорғау

    және жою қағидаларына

    1-қосымша

    ҚАО ААЖ-дың рөлдерін негіздер бойынша бөлу тізбесі

      №
    Пай­да­ла­ну­шы
    Қыл­мыстық іс
    Әкім­ші­лік іс/
    әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы іс (Сот);
    Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы іс (ҚСжА­ЕК)
    Аза­мат­тық іс (сот)
    Ат­қа­ру­шы­лық іс жүр­гі­зу (4-ны­сан)
    Із­де­сті­ру ісі
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    1.
    Про­ку­рор
    +
    +
    +
    +
    +
    2.
    Су­дья
    +
    +
    +
    +
    3.
    Іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­ның тер­ге­у­ші­сі (бұ­дан әрі – ІІО)
    +
    +
    4.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ор­ган­да­ры­ның тер­ге­у­ші­сі (бұ­дан әрі – ҰҚО)
    +
    +
    5.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы іс-қи­мыл агент­ті­гі­нің (Сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы қыз­мет) тер­ге­у­ші­сі (бұ­дан әрі – Сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы қыз­мет)
    +
    +
    6.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы­лық мо­ни­то­ринг агент­ті­гі­нің тер­ге­у­ші­сі (бұ­дан әрі – ҚМА)
    +
    +
    7.
    ІІО-ның анық­та­у­шы­сы
    +
    +
    8.
    ҰҚО-ның анық­та­у­шы­сы
    +
    +
    9.
    Мем­ле­кет­тік кү­зет қыз­ме­ті­нің анық­та­у­шы­сы
    +
    +
    10.
    Сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы қыз­ме­ті­нің офи­це­рі
    +
    +
    + (есеп­ке алу-тір­кеу тәр­ті­бі)
    11.
    ҚМА-ның офи­це­рі
    +
    +
    + (есеп­ке алу-тір­кеу тәр­ті­бі)
    12.
    Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гі­нің (Қа­ру­лы Кү­ш­тер­дің әс­ке­ри по­ли­ци­я­сы Бас бас­қар­ма­сы) қыз­мет­ке­рі
    +
    +
    +
    13.
    ІІО-ның қыл­мыстық-ат­қа­ру жүй­е­сі қыз­мет­ке­рі
    +
    +
    14.
    Тө­тен­ше жағ­дай­лар ми­ни­стр­лі­гі­нің қыз­мет­ке­рі
    +
    +
    15.
    ҰҚО-ның қыз­мет­ке­рі, әс­ке­ри қыз­мет­ші­сі
    +
    +
    +
    16.
    Сот орын­да­у­шы­сы
    +
    17.
    Мем­ле­кет­тік кү­зет қыз­ме­ті­нің қыз­мет­ке­рі
    +
    +
    18.
    ІІО-ның әкім­ші­лік по­ли­ция қыз­мет­ке­рі (ай­да­уыл қыз­ме­ті, ар­найы ме­ке­ме­лер­ді және қо­ғам­дық тәр­тіп­ті қор­ғауды жү­зе­ге асы­ра­тын өзге де бө­лім­ше­лер­ді қо­с­па­ған­да)
    +
    19.
    ІІО-ның кри­ми­нал­дық по­ли­ция қыз­мет­ке­рі
    +
    +
    +
    20.
    Кадр қыз­ме­ті­нің қыз­мет­ке­рі
    21.
    Ке­зек­ші бө­лім­нің қыз­мет­ке­рі
    +

    Генеральный Прокурор

    Республики Казахстан

    от 4 июля 2024 года

    № 88 бұйрығына

    2-қосымша

    Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік

    және өзге де органдардың ақпарат

    алмасу жүйесінен мәліметтерді

    қалыптастыру, оларға қолжетімділік,

    оларды пайдалану, сақтау, қорғау

    және жою қағидаларына

    2-қосымша

    Сервистерге қолжетімділік құқықтары

    Сер­ви­стер­дін ата­уы
    Қыл­мыстық іс
    Әкім­ші­лік іс/ әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы іс (Сот);
    Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы іс (ҚСжА­ЕК)
    Аза­мат­тық іс
    Ат­қа­ру­шы­лық іс жүр­гі­зу (4 ны­сан)
    Із­де­сті­ру ісі
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    1.
    «Же­ке тұ­лға­лар» мем­ле­кет­тік де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    2.
    «Заң­ды тұ­лға­лар» мем­ле­кет­тік де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    3.
    «Жы­л­жы­май­тын мү­лік ре­ги­стрі» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    4.
    «Жер учас­ке­сі» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    5.
    «Кө­лік құ­рал­да­ры» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    6.
    «Тір­кел­ген қа­ру» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    7.
    «Те­мір­жол кө­лі­гі» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    8.
    «Ша­ғын өл­шем­ді және өзен ке­ме­ле­рі» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    9.
    «Те­ңіз ке­ме­ле­рі» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    10.
    «Ауы­л­ша­ру­а­шы­лық тех­ни­ка­сы» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    11.
    «Зей­не­та­қы ауда­рым­да­ры» де­ректер ба­за­сы1
    +
    +қиы­л­ған
    +қиы­л­ған
    +қиы­л­ған
    +
    +
    12.
    «Мү­ге­дек­тік» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    13.
    «Әле­умет­тік кө­мек» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    14.
    «Ең­бек на­ры­ғы» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    15.
    Тұ­лға­лар­дың ХҚКО-дан ал­ған қыз­мет­те­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    16.
    «Ар­найы есеп­ке алу» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    17.
    «Бі­рың­ғай бі­р­із­ден­ді­рі­л­ген ста­ти­сти­ка­лық жүйе» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    18.
    «Ат­қа­ру­шы­лық іс жүр­гі­зу» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    19.
    «Сот ор­ган­да­ры­ның» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    20.
    «Сот кар­точ­ка­ла­ры» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    21.
    «Жол қоз­ға­лы­сы ере­же­ле­рін бұ­зу» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    22.
    «Та­лап­тар»
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    23.
    «Кри­ми­нал­дық ав­то­кө­лік» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    24.
    «Кри­ми­нал­дық қа­ру» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    25.
    «Жол-кө­лік оқи­ға­ла­ры­ның есе­бі» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    26.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­ге сұ­рау са­лу
    +
    +
    +
    +
    27.
    Ха­лық­ты құ­жат­тау жүй­е­сі­нен су­рет
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    28.
    Ха­лық­ты құ­жат­тау жүй­е­сі­нің 1-ны­са­ны
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    29.
    «Жүр­гі­зу­ші ку­ә­лі­гі» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    30.
    «Е-Но­та­ри­ат» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    31.
    «Тұ­лға­лар өті­ніш­те­рі­нің бі­рың­ғай есе­бі» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    32.
    «Аза­мат­тық хал ак­ті­ле­рін жа­зу» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    33.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­ның мем­ле­кет­тік ше­ка­ра­дан өтуі
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    34.
    Шет елі аза­мат­та­ры­ның мем­ле­кет­тік ше­ка­ра­дан өтуі
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    35.
    «Са­лық тө­ле­у­ші­лер­дің» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    36.
    Са­лық бе­ре­ше­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    37.
    Қар­сы тек­се­ру­лер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер2
    тек бел­гі­лі бап­тар бой­ын­ша
    38.
    ҚҚС тө­ле­у­ші­лер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер2
    тек бел­гі­лі бап­тар бой­ын­ша
    39.
    Са­лық есеп­ті­лі­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (СЕТМ)2
    тек бел­гі­лі бап­тар бой­ын­ша
    40.
    Контр­агент­тер бой­ын­ша мә­лі­мет­тер2
    тек бел­гі­лі бап­тар бой­ын­ша
    41.
    «Е-ли­цен­зи­я­лау» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    42.
    «Элек­трон­дық мем­ле­кет­тік са­тып алу­лар» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    43.
    «Сырт­қы эко­но­ми­ка қыз­ме­тіне қа­ты­су­шы­лар» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    44.
    «Жо­ла­у­шы­лар ке­ден­дік де­кла­ра­ци­я­ла­ры бой­ын­ша мә­лі­мет­тер» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    45.
    «Кө­лік құ­ра­лы­на де­кла­ра­ци­я­лар бой­ын­ша мә­лі­мет­тер» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    46.
    «Ше­тел­дік жұ­мыс кү­ші» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    47.
    «Мо­но­по­ли­стер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    48.
    «Жер қой­на­уын (кө­мір­су­те­гі ши­кі­за­ты) пай­да­ла­ну­ға ке­лі­сім­шар­ттар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    49.
    «Жер қой­на­уын (қат­ты пай­да­лы қаз­ба­лар және же­ра­с­ты су­ла­ры) пай­да­ла­ну­ға ке­лі­сім­шар­ттар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    50.
    «Тек­се­ру­лер­ді есеп­ке алу» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    51.
    Бюд­жет­ке тү­сім­дер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    52.
    «Қа­зақ­стан те­мір­жо­лы» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    53.
    «Қа­з­ақ­те­ле­ком» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    54.
    «Тер­ге­уден/анық­та­удан жа­сы­рын­ған­дар» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    55.
    «Ха­бар-ошар­сыз жо­ғал­ған­дар» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    56.
    «Бо­рыш­кер­лер және жа­у­ап­кер­лер» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    57.
    «Ше­тел­дік жұ­мыс­шы­лар­дың бұ­зу­ла­ры» де­ректер ба­за­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    58.
    Жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке тый­ым са­лу
    +
    +
    59.
    Заң­ды тұл­ға­ға (фи­ли­ал, өкіл­дік) тый­ым са­лу
    +
    +
    60.
    Же­ке тұл­ға­ның қа­ты­суы­на тый­ым са­лу
    +
    +
    61.
    Кө­лік құ­рал­да­ры­на тый­ым са­лу
    +
    +
    62.
    Ше­тел аза­мат­та­рын ел­ден шы­ға­ру рә­сі­мін ба­қы­лау
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    63.
    Мем­ле­кет­тік са­тып алу­лар­дың жа­у­ап­сыз қа­ты­су­шы­ла­рын тек­се­ру
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    64.
    Ме­кен­жай­лар мен бай­ла­ныс те­ле­фон­да­рын із­деу
    +
    +
    +
    +
    +
    65.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­лер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    +
    66.
    Тех­ни­ка­лық бай­қа­удан өту
    +
    +
    +
    +
    +
    67.
    Жер учас­ке­сіне ауырт­па­лық са­лу/алу
    +
    68.
    По­шта жі­бе­рі­лім­де­рі
    +
    69.
    ЖОО-лар­дың сту­дент­те­рі мен тү­лек­те­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    +
    +
    +
    70.
    Этил спир­ті­нің және/неме­се ша­рап ма­те­ри­а­лы­ның өн­ді­рі­сі және ай­на­лы­мы жө­нін­де­гі де­кла­ра­ция ту­ра­лы мә­лі­мет­тер2
    тек бел­гі­лі бап­тар бой­ын­ша
    71.
    Ал­ко­голь өні­мі­нің өн­ді­рі­сі және ай­на­лы­мы жө­нін­де­гі де­кла­ра­ция ту­ра­лы мә­лі­мет­тер2
    тек бел­гі­лі бап­тар бой­ын­ша
    72.
    Ал­ко­голь өні­мі­нің ай­на­лы­мы жө­нін­де­гі де­кла­ра­ция ту­ра­лы мә­лі­мет­тер2
    тек бел­гі­лі бап­тар бой­ын­ша
    73.
    Мұ­най өнім­де­рі жө­нін­де­гі де­кла­ра­ция ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (2-нұс­қа)2
    тек бел­гі­лі бап­тар бой­ын­ша
    74.
    Мұ­най өнім­де­рі жө­нін­де­гі де­кла­ра­ция ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (3-нұс­қа)2
    тек бел­гі­лі бап­тар бой­ын­ша
    75.
    Же­ке тұл­ға­ны дис­пан­сер­лік есеп­ке алу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (Д-есеп­ке алу ту­ра­лы)
    +
    +
    +
    +
    +
    76.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на уа­қыт­ша ке­ле­тін ше­тел аза­мат­та­рын тір­кеу
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    77.
    Ше­тел аза­мат­та­ры­на және аза­мат­тығы жоқ тұ­лға­лар­ға Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты ме­кен­де­у­ге рұқ­сат­тар­ды тір­кеу және бе­ру;
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    78.
    Ше­тел аза­мат­та­ры­на же­ке тұ­лға­лар­да ең­бек қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру­ға рұқ­сат бе­ру
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    79.
    Қа­зақ­стан Рес­публ­ка­сы­ның ау­ма­ғы­нан тұ­рақ­ты ме­кен­де­у­ге шы­ғу­ға құ­жат­тар­ды рә­сім­деу
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    80.
    Қа­зақ­стан Рес­публ­ка­сы­нан же­ке іс­те­рі бой­ын­ша шы­ғу­ға ша­қы­ру­ды рә­сім­деу
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    81.
    Ше­тел­дік­тер­ге және аза­мат­тығы жоқ тұ­лға­лар­ға ше­ка­ра ма­ңы ай­мақ­та­ры­на шы­ғу­ға өт­кі­зу қа­ға­зын бе­ру
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    82.
    1-дең­гей­де­гі өза­ра бай­ла­ны­стар
    +
    83.
    2-дең­гей­де­гі өза­ра бай­ла­ны­стар
    +
    84.
    «Қан­дас» ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған ақ­па­рат­тық жүй­е­сі
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    85.
    Сот­тал­ған­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (ҚАЖК)
    +
    +
    86.
    Ин­тер­пол – «Кри­ми­нал­дық ав­то­мо­то­кө­лік құ­рал­да­ры» де­ректер қо­ры
    +
    +
    87.
    Ин­тер­пол – «Із­де­сті­рі­ліп жа­тқан қыл­мыс­кер­лер, оның ішін­де тер­ро­ри­стер, ха­бар-ошар­сыз жо­ғал­ған­дар және же­дел есеп­те тұр­ған адам­дар» де­ректер қо­ры
    +
    +
    88.
    Ин­тер­пол – «жым­қы­ры­л­ған/жо­ғал­ған құ­жат­та­ры» де­ректер қо­ры
    +
    +
    89.
    Әс­ке­ри мін­дет­ті­лер мен әс­кер­ге ша­қы­ры­лу­шы­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    +
    +
    +
    +
    +
    90.
    Банк­тік шот­тар­дың және олар­да­ғы ақ­ша қа­ра­жа­ты­ның бо­луы
    +
    91.
    Бі­рін­ші кре­дит­тік бю­ро­ның кре­дит­тік та­рихы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    +
    92.
    Мо­биль­ді аза­мат­тар ба­за­сы
    +
    +
    +
    93.
    Ре­сім­дел­ген және (неме­се) бронь­ға қой­ы­л­ған авиа­би­лет­тер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    +
    +
    Ескертпе:
    1Зейнетақы төлеу жөнiндегi Мемлекеттiк орталық (бұдан әрі – ЗТМО) қиылған сервисі – ЗТМО түсімдерінің мөлшерін көрсетпей;
    2Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сервистері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 8-тарауының баптары бойынша қолжетімді.

    Генеральный Прокурор

    Республики Казахстан

    от 4 июля 2024 года

    № 88 бұйрығына

    3-қосымша

    Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік

    және өзге де органдардың ақпарат

    алмасу жүйесінен мәліметтерді

    қалыптастыру, оларға қолжетімділік,

    оларды пайдалану, сақтау, қорғау

    және жою қағидаларына

    4-қосымша

    Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен жұмыс істеу үшін жағдайлар

    Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен (бұдан әрі – ҚАО ААЖ) жұмыс жасау үшін жеке тұлғалардың биометриялық оқырмандағы немесе веб-камерадағы, ұялы телефондағы қорғалған ақпарат жеткізгіште Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі –ЭЦҚ) құралдарының болуы қажет.

    ҚАО ААЖ-мен жұмыс жасауға арналған дербес компьютерлерге қойылатын минималды талаптар:

    1) тактілі жиілігі кемінде 3.1 GHz процессор;

    2) қатты дисктің бос көлемі кемінде 80 Gb;

    3) жедел жады кемінде 4 Gb;

    4) желілік карта кемінде 100 Mbps;

    5) NCA Layer-мен жұмыс істеуді қолдайтын барлық заманауи браузерлер, pdf оқу;

    6) қорғалған арнаға қосылу;

    7) ЭЦҚ-ны сақтау үшін түрлі құрылғыларымен (оның ішінде биометриялық оқырманмен немесе веб-камерамен) жұмыс жасауға арналған орнатылған драйверлер;

    8) техникалық құралдардағы ақпараттық қауіпсіздіктің талаптарын сақтау мақсатында Интернетке шығуға қолжетімділікті толық алып тастау.

    Генеральный Прокурор

    Республики Казахстан

    от 4 июля 2024 года

    № 88 бұйрығына

    4-қосымша

    Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік

    және өзге де органдардың ақпарат

    алмасу жүйесінен мәліметтерді

    қалыптастыру, оларға қолжетімділік,

    оларды пайдалану, сақтау, қорғау

    және жою қағидаларына

    6-қосымша

    нысан

    Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін қолдану пайдалану шарттарына келісім

    _________ қаласы
    20 ___ жылғы «___»_________

    1. Пайдаланушы, тұлғада ________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы__________________________________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы) қызметкері болып табылатын пайдаланушы танысты және құқық қорғау органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалану шарттарына келісімге (бұдан әрі – келісім) төмендегілер туралы өз келісімін береді:

    1. Келісімнің мәні

    2. Осы Пайдаланушы келісім құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің операторы және пайдаланушысы (бұдан әрі – ҚАО ААЖ) арасындағы өзара қатынастарды реттеуге арналған.

    3. Пайдаланушы ҚАО ААЖ-да тіркелген, ҚАО ААЖ-ға қолжетімділік құқығы берілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың қызметкері болып табылады.

    4. Келісім пайдаланушының ҚАО ААЖ-да тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

    5. ҚАО ААЖ-ны пайдалана отырып, пайдаланушы осымен ҚАО ААЖ-ның есепке алу жазбасына қатысты құқықтарға ие болу фактісін растайды және осы пайдалану талаптары келісімнің төменде келтірілген ережелеріне сәйкес міндетті болып табылады.

    1. Жалпы ережелер

    6. ҚАО ААЖ пайдаланушыларға олардың қолжетімділік құқықтарына сәйкес ақпаратты алуға сұрау салу жіберу мүмкіндігін ұсынады.

    7. Пайдаланушыға қолжетімділік құқығын ҚАО ААЖ-ның операторы (Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті) ҚАО ААЖ-ға қолжетімділікті ұйымдастыруға арналған электрондық өтінімнің және пайдаланушының атынан пайдалану келісімі негізінде береді.

    8. ҚАО ААЖ – ға кіру Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі-ЭЦҚ) және көп факторлы аутентификация арқылы пайдаланушының ЭЦҚ және биометриясын (саусақ іздерін немесе Face ID) немесе тіркеу кезінде пайдаланушы көрсеткен ұялы телефон нөміріне жіберілетін SMS-кодты тексеруді қоса алғанда жүзеге асырылады.

    ЭЦҚ-ны алуды пайдаланушы «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында дербес жүргізіледі. Файлдық жүйеде ЭЦҚ арқылы ҚАО ААЖ-ға кіруге жол берілмейді.

    9. Оператор ҚАО ААЖ-ны әкімшілендіруді жүзеге асырады.

    2. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері

    10. Пайдаланушы:

    1) қолжетімділік құқықтарына сәйкес ақпаратты алуға;

    2) ҚАО ААЖ арқылы алынған ақпаратты тек қызметтік мақсатында және Қаақстан Республикасының заңнамасында және нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шеңберінде ғана қолдануға құқылы.

    11. Пайдаланушының міндеттері:

    1) ҚАО ААЖ арқылы ақпарат туралы тек қызметтік мақсатта сұрау салу;

    2) жұмыс орнында ұзақ, екі айдан астам болмаған жағдайда өзінің есепке алу жазбасын бұғаттауға электрондық өтінім беру;

    3) бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір тәулік ішінде басқа лауазымға немесе бөлімшеге ауысу себебі бойынша пайдаланушының құқықтары өзгерген жағдайда, ҚАО ААЖ порталы арқылы электрондық өтінім жіберуге құқылы;

    4) ҚАО ААЖ арқылы алынған ақпараттық құпиялылығын сақтауға міндетті;

    5) ҚАО ААЖ-ны Қазақстан Республикасының заңнамаларын және халықаралық шарттарды қасақана бұзу мақсатында пайдаланбау;

    6) ҚАО ААЖ-ны интернетке шығатын дербес компьютер арқылы пайдаланбау;

    7) пайдаланушыға белгілі құпия ақпаратты жария етпеу және ЭЦҚ-ны басқа адамдарға бермеу;

    8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Бірыңғай талаптарды (бұдан әрі – бірыңғай талаптар), сондай-ақ құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен мәліметтерді қалыптастыру, қол жеткізу, пайдалану, сақтау, қорғау және жою Қағидаларында көрсетілген талаптарды сақтау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 21 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31702 болып тіркелген) бекітілген (бұдан әрі - Қағидалар).

    3. Оператордың құқықтары мен міндеттері

    12. Оператор:

    1) егер ҚАО ААЖ-ға қолжетімділікті ұйымдастыруға берілген мәліметтер дұрыс емес, толық болмаса, пайдаланушының ҚАО ААЖ-ға қолжетімділігіне рұқсатты тіркемеуге және бермеуге;

    2) пайдаланушыға ҚАО ААЖ-ға қолжетімділікті жабуға немесе уақытша бұғаттауға құқылы:

    пайдаланушылардың Қағидаларда көрсетілген Бірыңғай талаптар мен талаптарының бұзған;

    пайдаланушыны жұмыстан шығарған, қызметінен босатқан жағдайда.

    13. Оператордың міндеттері:

    1) сұратылған ақпаратты алудың заңдылығы бөлігінде бақылауды жүзеге асыру;

    2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 34-бабының 5-бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, пайдаланушылар және олар жүргізген сұрап салулар туралы жеке ақпаратты таратпау.

    4. Құпиялылық туралы ереже

    14. ҚАО ААЖ арқылы алынған барлық ақпарат құпия болып табылады және тек қызметтік мақсатта пайдаланылады.

    15. ҚАО ААЖ-ның пайдаланушылары мен операторлары болып табылатын адамдар құпиялылықты сақтауды қамтамасыз етеді және «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-3-бабының талаптарын бұзуға жол бермейді.

    16. Келісу туралы растауға ҚАО ААЖ-ның пайдаланушысы ЭЦҚ-мен қол қояды.

    17. Пайдаланушының осы Келісімнің ережелерін бұзуы ҚАО ААЖ-ға қолжетімділікті уақытша тоқтата тұруға немесе мүлдем жауып тастауға, пайдаланушының есепке алу жазбасын жоюға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тартуға әкеліп соқтыруы мүмкін.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.