Ұйғыр аудандық мәслихатының «Ұйғыр ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 18 наурыздағы № 8-18-91 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 шілде 2024 ж.

    Ұйғыр аудандық мәслихатының «Ұйғыр ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 18 наурыздағы № 8-18-91 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ұйғыр аудандық мәслихатының «Ұйғыр ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 18 наурыздағы № 8-18-91 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6100-05 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің қосымшасында 9-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

    «9. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 2-қосымшасының 8-тармағында көзделген құжаттарды ұсына отырып «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүгінеді.».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ұйғыр аудандық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы

    С. Ермухаметова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.