Жетісу облысы бойынша 2024 жылдың IІІ тоқсанына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы

    ҚолданыстағыӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Жетісу облысы бойынша 2024 жылдың IІІ тоқсанына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы

    «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 90939 болып тіркелген) сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жетісу облысы бойынша 2024 жылдың ІІI тоқсанына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері бекітілсін.

    2. «Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімінің м.а.

    Ә. Жақанбаев

    Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы «___» _______ №________қаулысына қосымша

    Жетісу облысы бойынша 2024 жылдың IІІ тоқсанына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері

    Тауардың атауы
    Өлшем бірлігі
    ІIІ
    тоқсан
    1
    Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)
    теңге/
    килограмм
    612
    2
    Бірінші сортты бидай ұны
    теңге/
    килограмм
    296
    3
    Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)
    теңге/
    килограмм
    343
    4
    Бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)
    теңге/
    килограмм
    213
    5
    Түтік кеспе (өлшеніп салынатын)
    теңге/
    килограмм
    441
    6
    Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)
    теңге/
    килограмм
    3075
    7
    Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)
    теңге/
    килограмм
    1537
    8
    Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада
    теңге/
    литр
    463
    9
    Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада
    теңге/литр
    481
    10
    Сүзбе: майлылығы 5-9%
    теңге/
    килограмм
    1990
    11
    Тауық жұмыртқасы (I санатты)
    теңге/дана
    601
    12
    Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)
    теңге/
    килограмм
    5000
    13
    Күнбағыс майы
    теңге/
    литр
    721
    14
    Ақ қауданды қырыққабат
    теңге/
    килограмм
    132
    15
    Басты пияз
    теңге/
    килограмм
    143
    16
    Асханалық сәбіз
    теңге/
    килограмм
    268
    17
    Картоп
    теңге/
    килограмм
    307
    18
    Ақ қант – құмшекер
    теңге/
    килограмм
    572
    19
    Ac тұзы («Экстра» -дан басқа)
    теңге/
    килограмм
    102

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.