Ақмола облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақмола облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы
Б.Жусупов
Ақмола облыстық мәслихатының
2024 жылғы 27 маусымдағы
№ 8С-11-7 шешіміне
қосымша
Ақмола облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Ақмола облысындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 6С-41-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7758 болып тіркелген).
2. «Ақмола облысындағы жасыл екпелерді күтіп ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 6С-41-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2021 жылғы 5 қарашадағы № 7С-10-7 шешімі.
3. «Ақмола облысындағы жасыл екпелерді күтіп ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 6С-41-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 27 шілдедегі № 7С-19-3 шешімі.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.