«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 шілде 2024 ж.

    «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі туралы ережеде:

    15-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2) және 6-3) тармақшалармен толықтырылсын:

    «6-1) тексеру парағына енгізілген талаптар арасынан бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындау, сондай-ақ нақты бұзушылықтарға қатысты осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып, жедел ден қою шарасының нақты түрін (қажет болған кезде) айқындау;

    6-2) ішкі су көлігі және сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы қадағалау актілерінің нысандарын әзірлеу және бекіту;

    6-3) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін айқындау, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрiн осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып (қажет болған кезде) айқындау;»;

    115), 116) және 117) тармақшалар алып тасталсын;

    239) тармақша алып тасталсын.

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.