Ақмола облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 маусым 2024 ж.

    Ақмола облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақмола облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы

    Б.Жусупов

    Ақмола облыстық мәслихатының

    2024 жылғы 27 маусымдағы

    № 8С-11-12 шешіміне

    қосымша

    Ақмола облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

    1. «Ақмола облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 6С-15-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6124 болып тіркелген).

    2. «Ақмола облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 6С-15-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 маусымдағы № 6С-21-8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6717 болып тіркелген).

    3. «Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 6С-15-3 «Ақмола облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 7С-2-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8383 болып тіркелген).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.