«Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 414 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 маусым 2024 ж.

    «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 414 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 414 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7550 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің қосымшасында:

    2 және 3-тармақтар алынып тасталсын;

    17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «17. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары мынадай болып айқындалсын:

    1) жаппай жерлеу орындарына іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

    2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілеріне іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

    3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

    4) магистральдық теміржол желілеріне, магистральдық құбыржолдарға, ұлттық электр желісіне, магистральдық байланыс желілеріне іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр.».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Сырдария аудандық мәслихат төрағасы

    Е. Әжікенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.