Жамбыл облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 маусым 2024 ж.

    Жамбыл облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Жамбыл облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 12-16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3484 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын;

    2. «Жамбыл облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 12-16 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 26-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3965 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы

    А. Нуралиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.