«Бәсекелестікке әсерге бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2023 жылғы 10 тамыздағы № 198/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 маусым 2024 ж.

    «Бәсекелестікке әсерге бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2023 жылғы 10 тамыздағы № 198/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Бәсекелестікке әсерге бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2023 жылғы 10 тамыздағы № 198/НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бәсекелестікке әсерге бағалау жүргізу қағидаларында:

    14-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Талдамалық нысан (монополияға қарсы органның қорытындысы) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген Реттеушілік әсерге талдау жүргізу және пайдалану қағидаларына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12517 болып тіркелген) сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға жіберілетін реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне міндетті қосымша болып табылады.».

    2. Бәсекелестікті құқықтық реттеу департаменті:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ қажет болған кезде басқа да ашық ақпарат көздерінде орналастыруды қамтамасыз етсін.

    2) осы бұйрықты құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің назарына жеткізсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау аппарат басшысына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Төраға

    М. Омаров

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.