«Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 455 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 шілде 2024 ж.

    «Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 455 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 455 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5050 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Қоса беріліп отырған Кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарында:

    тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары».

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

    2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік ететін Қаржы вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    М. Такиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.