Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 2 шілде 2024 ж.
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:
|
Асанова
Жанна Бейсентайқызы
|
–
|
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты
(келісім бойынша),
|
|
Әубәкірова
Индира Оралқызы
|
–
|
заң ғылымдарының докторы
(келісім бойынша);
аталған Комиссияның құрамынан: А.И. Лукин, Т.Е. Қаудыров шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
|
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. Тоқаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.