Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын шаруашылық тауарларымен және басқа да мүлікпен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 шілде 2024 ж.

    Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын шаруашылық тауарларымен және басқа да мүлікпен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 84-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын шаруашылық тауарларымен және басқа да мүлікпен қамтамасыз ету нормалары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Экономика және қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлері таныстырылсын.

    4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Комитет Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты

    Е. Сағымбаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    ____________________

    2024 ж. «___» _______

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық қауіпсіздік

    комитеті Төрағасының

    2024 жылғы «1» шілдедегі

    №97/қе бұйрығымен

    бекітілген

    Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын шаруашылық тауарларымен және басқа да мүлікпен жабдықтау нормалары

    Р/с№
    Мү­лік­тің ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Са­ны
    Қыз­мет ету мер­зі­мі
    Қол­да­ну ай­ма­ғы
    1
    Еден жу­у­ға ар­нал­ған құ­рал
    литр
    1
    1 ай
    үй-жай­дың
    1 та­за­ла­у­шы­сы­на
    2
    Кір са­бын
    да­на
    (200 грамм­нан кем емес)
    1
    1 ай
    3
    Сеп­кі­ші бар жи­һаз­ды та­за­ла­у­ға ар­нал­ған құ­рал
    құ­ты
    (300 мил­ли­литр­ден кем емес)
    1
    3 ай
    4
    Дез­ин­фек­ци­я­ла­у­ға ар­нал­ған құ­рал
    бан­ка
    (300 таб­лет­ка­дан кем емес)
    1
    3 ай
    5
    Кі­лем бұй­ым­да­рын та­за­ла­у­ға ар­нал­ған құ­рал
    бө­тел­ке
    (500 мил­ли­литр­ден кем емес)
    1
    6 ай
    6
    Шы­ны және ай­на бет­те­рін та­за­ла­у­ға ар­нал­ған құ­рал
    бө­тел­ке
    (500 мил­ли­литр­ден кем емес)
    1
    3 ай
    7
    Қо­қы­сқа ар­нал­ған па­кет­тер (30 литр)
    орам
    (30 да­на­дан кем емес)
    4
    1 ай
    8
    Қо­қы­сқа ар­нал­ған па­кет­тер
    (60 литр)
    орам
    (20 да­на­дан кем емес)
    3
    1 ай
    9
    Шү­бе­рек
    метр
    2
    1 ай
    10
    Ре­зең­ке қол­ғап
    жұп
    2
    1 ай
    11
    Щет­ка­сы бар қо­қы­сқа ар­нал­ған қа­лақ­ша
    жиын­тық
    1
    1 жыл
    12
    Сап­та­ма­сы бар шваб­ра
    жиын­тық
    1
    6 ай
    13
    Швабра­ға ар­нал­ған сап­та­ма
    да­на
    1
    3 ай
    14
    Шаң та­за­ла­у­ға ар­нал­ған шү­бе­рек
    да­на
    1
    1 ай
    15
    Жұ­мыс­шы­лар­ға ар­нал­ған ар­найы ки­ім
    жиын­тық
    1
    1 жыл
    1 тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­те­ту­ді қам­та­ма­сыз ете­тін жұ­мыс­шы­ға
    16
    Ауа сер­гіт­кіш
    құ­ты
    (300 мил­ли­литр­ден кем емес)
    1
    2 ай
    1 са­ни­тар­лық то­рап бөл­ме­сіне
    17
    Уни­таз та­за­ла­у­ға ар­нал­ған құ­рал
    бө­тел­ке
    (500 мил­ли­литр­ден кем емес)
    1
    1 ай
    18
    Ра­ко­ви­на та­за­ла­у­ға ар­нал­ған құ­рал
    бан­ка
    (450 грамм­нан кем емес)
    1
    1 ай
    19
    Қа­ғаз ора­мал
    орам
    10
    1 ай
    электр ора­мал­мен жаб­дық­тал­ма­ған 1 са­ни­тар­лық то­рап бөл­ме­сіне
    20
    Сұй­ық са­бын
    мил­ли­литр
    200
    1 ай
    1 ра­ко­ви­на­ға
    21
    Дә­рет­ха­на қа­ға­зы
    орам
    10
    1 ай
    1 уни­таз­ға

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.