«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті бөлімшелері арнайы көлік құралдары тиесілілігінің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 141 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті бөлімшелері арнайы көлік құралдары тиесілілігінің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 141 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті бөлімшелері арнайы көлік құралдары тиесілілігінің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22422 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің арнаулы көлік құралдары тиістілігінің заттай нормалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

    Ч. Аринов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Төтенше жағдайлар министрінің

    2024 жылғы 25 маусымдағы

    № 246 бұйрығына

    қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Төтенше жағдайлар министрінің

    2021 жылғы 29 наурыздағы

    № 141 бұйрығымен

    бекітілген

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің арнайы көлік құралдары тиесілігінің заттай нормалары

    Атауы
    Арнайы көлік құралының функционалдық мақсаты
    Арнайы көлік құралдарын пайдаланатын мемлекеттік мекемелер
    Өлшем бірлігі (дана)
    Максималдық жылдық пайдалану нормасы (бір автомобиль)
    Қызмет мерзімі (жыл)
    1
    2
    3
    4
    5
    6
      Арнайы көлік құралы
    Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру үшін (қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың қызметкерлер мен халыққа зиянды әсерінің алдын алу)
    Орталық аппарат
    1
    40 000 км
    13
    Абай облысы
    2
    40 000 км
    13
    Ақмола облысы
    3
    40 000 км
    13
    Ақтөбе облысы
    2
    40 000 км
    13
    Алматы облысы
    2
    40 000 км
    13
    Атырау облысы
    3
    40 000 км
    13
    Шығыс Қазақстан облысы
    3
    40 000 км
    13
    Жамбыл облысы
    2
    40 000 км
    13
    Жетісу облысы
    1
    40 000 км
    13
    Батыс Қазақстан облысы
    2
    40 000 км
    13
    Қарағанды облысы
    3
    40 000 км
    13
    Қызылорда облысы
    2
    40 000 км
    13
    Қостанай облысы
    3
    40 000 км
    13
    Маңғыстау облысы
    2
    40 000 км
    13
    Павлодар облысы
    3
    40 000 км
    13
    Солтүстік Қазақстан облысы
    2
    40 000 км
    13
    Түркістан облысы
    3
    40 000 км
    13
    Ұлытау облысы
    3
    40 000 км
    13
    Астана қаласы
    2
    40 000 км
    13
    Алматы қаласы
    2
    40 000 км
    13
    Шымкент қаласы
    1
    40 000 км
    13
    Норма көрсеткішінің саны бойынша жиыны
    -
    -
    47
    -
    -
    Ескертпе: * арнайы көлік құралы - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруға арналған жеңіл автомобиль базасындағы көлік құралы (қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың қызметкерлер мен халыққа зиянды әсерінің алдын алу).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.