«Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 маусым 2024 ж.

    «Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8369 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    1 және 1-1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. Білім беру мониторингі шеңберінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің әкімшілік деректерінің нысандары осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 94, 95, 96, 97, 98-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

    1-1. Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, арнайы және мамандандырылған, қосымша, техникалық және кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру, білім беру-сауықтыру, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан әкімшілік деректерді білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне беруді қамтамасыз етсін.»;

    осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 98 қосымшамен толықтырылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

    2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы

    Е. Оспан

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Стратегиялық жоспарлау және

    реформалар жөніндегі агенттігі

    Ұлттық статистика бюросы

    Қазақстан Республикасы

    Оқу-ағарту министрінің

    міндетін атқарушы

    2024 жылғы 29 маусымдағы

    № 168 Бұйрығына

    қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Білім және ғылым министрінің

    2012 жылғы «27» желтоқсандағы

    № 570 бұйрығына

    98-қосымша

    Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментіне

    Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет қорында орналастырылған

    Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

    Оқу-сауықтыру ұйымдарының мәліметтері

    Индексі: № ОСҰ-1 нысан

    Кезеңділігі: жылдық

    Есепті кезең 20__-20__ оқу жылы

    Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің білім басқармалары

    Тапсыру мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі 31 қазанға дейін (қоса алғанда)

    Ай­мақ
    Аудан
    Ел­ді-ме­кен
    Әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер жік­те­уі­ші ко­ды
    Ла­герь­дің неме­се ба­ла­лар са­уық­ты­ру ор­та­лы­ғы­ның ата­уы
    Ме­кен-жайы
    Биз­нес сәй­кестен­ді­ру но­ме­рі
    Мен­шік ны­са­ны
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген жы­лы
    Ғи­ма­рат­тың жал­пы ауда­ны, шар­шы метр
     
     А
    Б 
     В
    Г
    1
    2
    3
    6
    кестеннің жалғасы
    Аумақ­тың жал­пы ауда­ны, гек­тар
    Жо­ба­лық қу­а­ты, орын
    Ағым­да­ғы жыл­дың жаз­ғы ке­зе­ңін­де жұ­мыс іс­тей­тін неме­се жұ­мыс іс­те­мей­тін
    Күр­де­лі жөн­деу
    Кор­пу­стар са­ны, бір­лік
    Күр­де­лі жөн­деу жы­лы
    Күр­де­лі жөн­де­уді қар­жы­лан­ды­ру, мил­ли­он тең­ге
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    жалғасы
    Мау­сым­дық ла­герь­лер­дің қыз­ме­ті ту­ра­лы мә­лі­мет
    Жыл бой­ғы ла­герь­лер­дің қыз­ме­ті ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    мау­сым
    шіл­де
    та­мыз
    жыл­да­ғы ауы­сым са­ны
    ауы­сым­да­ғы күн­дер са­ны
    ба­ла­лар­ды қам­ту
    ауы­сым са­ны
    ауы­сым­да­ғы күн­дер са­ны
    1 ауы­сым­да­ғы ба­ла­лар­ды қам­ту
    ауы­сым са­ны
    ауы­сым­да­ғы күн­дер са­ны
    1 ауы­сым­да­ғы ба­ла­лар­ды қам­ту
    ауы­сым са­ны
    ауы­сым­да­ғы күн­дер са­ны
    1 ауы­сым­да­ғы ба­ла­лар­ды қам­ту
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    жалғасы
    Ба­ла­лар­ды қам­ту, адам
    Же­ңіл­дік­ті жол­да­ма бой­ын­ша ба­ла­лар са­на­ты, адам
    Те­гін жол­да­ма бой­ын­ша ба­ла­лар са­на­ты, адам
    Жол­да­ма құ­ны, мың тең­ге
    Ба­ла­лар­ды жал­пы қам­ту, адам
    оның ішін­де
    1 адам­ға жол­да­ма құ­ны
    1 адам­ға же­ңіл­дік­ті жол­да­ма құ­ны
    же­ңіл­дік­ті жол­да­ма бой­ын­ша
    те­гін жол­да­ма бой­ын­ша
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    жалғасы
    Штаттық қызметкерлер саны, адам
    Басшының тегі, аты және әкесінің аты
    Ұялы телефон
    Басшы орынбасарының тегі, аты және әкесінің аты
    Ұялы телефон
    әкімшілік
    педагогтер
    техникалық персонал
    32
    33
    34
    35
    36
    37
    38

    Атауы Мекен-жайы__________________________________ Телефон __________________________________ Электронды почта мекен-жайы __________________________________ Орындаған ___________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) қолы Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға___________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) қолы

    Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме «Оқу-сауықтыру ұйымдарының мәліметтері» (Индекс: № ОСҰ -1, кезеңділігі – жылдық)

    1. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме:

    1-бағанда лагерьдің немесе балалар сауықтыру орталығының атауы көрсетіледі.

    2-бағанда лагерьдің немесе балалар сауықтыру орталығының мекен-жайы көрсетіледі.

    3-бағанда бизнес сәйкестендіру номері көрсетіледі.

    4-бағанда меншік нысаны көрсетіледі.

    5-бағанда пайдалануға берілген жылы көрсетіледі.

    6-бағанда ғимараттың жалпы ауданы, шаршы метр көрсетіледі.

    7-бағанда аумақтың жалпы ауданы, гектар көрсетіледі.

    8-бағанда жобалық қуаты көрсетіледі.

    9-бағанда ағымдағы жылдың жазғы кезеңінде жұмыс істейтін немесе жұмыс істемейтіндігі көрсетіледі.

    10-11 бағандарда күрделі жөндеуді жүргізу жылы және қаржыландыру көрсетіледі.

    12-бағанда корпустар саны көрсетіледі.

    13-21 бағандарда маусымдық лагерьлер үшін айлар бойынша ауысым саны, ауысымдағы күндер саны және 1 ауысымдағы балаларды қамту көрсетіледі.

    22-24 бағандарда жыл бойғы лагерьлер үшін айлар бойынша ауысым саны, ауысымдағы күндер саны және 1 ауысымдағы балаларды қамту көрсетіледі.

    25-27 бағандарда балаларды жеңілдікті және тегін жолдамалармен қамту көрсетіледі, адам.

    28-бағанда жеңілдікті жолдама бойынша балалардың санаты көрсетіледі, адам.

    29-бағанда тегін жолдама бойынша балалардың санаты көрсетіледі, адам.

    30-31 бағандарда жолдаманың құны және 1 адамға жеңілдікті жолдаманың құны көрсетіледі, мың тенге.

    32-34 бағандарда штаттық қызметкерлер саны көрсетіледі, адам.

    35-бағанда басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

    36-бағанда басшының ұялы телефоны көрсетіледі.

    37-бағанда басшының орынбасарының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

    38-бағанда басшының орынбасарының ұялы телефоны көрсетіледі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.