«Сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және біліктілігін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі беретін сараптама мамандықтарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 306 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және біліктілігін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі беретін сараптама мамандықтарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 306 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14992 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және біліктілігін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі беретін сараптама мамандықтарының тізбесі мынадай мазмұндағы 31-тармақпен толықтырылсын:
«
|
31
|
Зияткерлік меншік объектілерінің сот сараптамасы
|
Дараландыру құралдарының белгіленуін сот-сараптамалық зерттеу
|
31.1
».
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуді және бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы
Л. Мерсалимова
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.