«Заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1464 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1464 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17604 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысы:
мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
«20-1. «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңның 83-бабы 2-тармағының талаптарын сақтау мақсатында Палата заң консультанттары палатасының мүшелігіне кіру үшін үміткердің құжаттарын қабылдау кезінде заң көмегін көрсету саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның интернет-ресурсында және заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде орналастырылған заң консультанттары палаталары мүшелерінің тізілімін тексереді.»
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы
Л. Мерсалимова
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.