Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 маусым 2024 ж.

    Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – Тізбе) енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілетін осы Тізбенің 1-тармағының үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Көлік министрі

    М. Карабаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикаcы

    Сауда және интеграция министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму, инновациялар және

    аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ішкі істер министрі министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Көлік министрінің

    2024 жылғы 28 маусымдағы

    № 226 Бұйрығымен

    бекітілген

    Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

    1. «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген):

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында:

    мынадай мазмұндағы 8-5-тармақпен толықтырылсын:

    «8-5. Он алты жасқа толмаған, ата-анасы және (немесе) өзінің заңды өкілі ертіп жүрмеген адамды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіріп кетуге жол берілмейді.».

    2. «Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12463 болып тіркелген):

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында:

    1-1-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    3. «Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 251 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20587 болып тіркелген):

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

    4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «4. «Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту» мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті көрсету) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

    5. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекітуге арналған өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жолдайды.

    Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазылған.

    Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

    Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

    Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.»;

    7-1 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «7-1. Көрсетілетін қызметті алушыдан Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес өтініш және құжаттар топтамасы келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің орындаушысы осы өтінішті және құжаттар топтамасын қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның міндетін атқаратын адамға жібереді, ол көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысын басшының жетекшілік ететін орынбасары және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы арқылы айқындайды.

    Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді.

    Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

    8. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы құжаттар топтамасының осы Қағидалардың және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының (бұдан әрі – Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары) талаптарына сәйкестігін қарайды.

    Тізбеде көзделген тізбеге сәйкес өтініш пен ұсынылған құжаттар топтамасының осы Қағидалардың және Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының талаптарына сәйкестігін айқындау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасына сәйкес уақыт бойынша қосарланған маршруттар автобустары арасындағы жоспарланған жүру интервалын құрайтын шартты қарайды және кенттер, ауылдар арасындағы аудан орталықтарымен және аудан орталықтары облыс орталығымен және облыстық маңызы бар өзге де жақын орналасқан қалалармен байланыс басымдылығын басшылыққа алады.

    Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасы осы Қағидалардың және Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының талаптарына сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту туралы хабарламаны ресімдейді.

    Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның міндетін атқарушыға басшының жетекшілік ететін орынбасарының және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының келісімі бойынша жолдайды.

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының не оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.»;

    мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

    «9-1. Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен немесе өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарға, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.»;

    2-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    4. «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 318 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20791 болып тіркелген):

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

    2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті көрсету) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

    3. Жеке немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның (бұдан әрі – лицензияны алу үшін ЗТ өтініші) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның (бұдан әрі – лицензияны алу үшін ЖТ өтініші) және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның (бұдан әрі – лицензияны қайта ресімдеу үшін ЗТ өтініші) немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның (бұдан әрі – лицензияны қайта ресімдеу үшін ЖТ өтініші) және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» (бұдан әрі – Тізбе) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар жиынтығы.

    Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Тізбеде жазылған.»;

    12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «12. Көрсетілетін қызметті алушыдан Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес өтініш және құжаттар топтамасы келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің орындаушысы осы өтінішті және құжаттар топтамасын қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның міндетін атқаратын адамға жібереді, ол көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысын басшының жетекшілік ететін орынбасары және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы арқылы айқындайды.

    Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді.

    Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, рұқсат беру органы көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.

    13. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы құжаттар топтамасының осы Қағидалардың және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 72 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10800 болып тіркелген) бекітілген осы Қағидаларға 7-қосымшада келтірілген Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін қарайды.

    Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге, осы Қағидалардың талаптарына және Біліктілік талаптарына сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасын сәйкес келтірген кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияны ресімдейді. Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның міндетін атқаратын адамға басшының жетекшілік ететін орынбасарының және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының келісімі бойынша жолдайды.

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының не оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.»;

    мынадай мазмұндағы 13-3-тармақпен толықтырылсын:

    «13-3. Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен немесе өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарға, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.»;

    5-қосымша осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    Қазақстан Республикасы

    Индустрия және инфрақұрылымдық

    даму министрінің міндетін

    атқарушының және

    Қазақстан Республикасы

    Инвестициялар және даму

    министрінің міндетін атқарушының

    кейбір бұйрықтарына өзгерістер

    мен толықтырулар

    енгізілетін кейбір бұйрықтарының

    тізбесіне 1-қосымша

    Автомобиль көлігімен жүктерді

    тасымалдау қағидаларына

    1-1-қосымша

    «Тез бұзылатын тамақ өнімдерін халықаралық тасымалдау және осы тасымалдарға арналған арнайы көлік құралдары туралы келісімге сәйкес берілген куәлік» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    1.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кө­лік ми­ни­стр­лі­гі
    2.
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі;
    2) пор­тал ар­қы­лы.
    3.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
    5 жұ­мыс кү­ні
    4.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/қа­ғаз тү­рін­де
    5.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    Тез бұ­зы­ла­тын та­мақ өнім­де­рін ха­лы­қа­ра­лық та­сы­мал­дау және осы та­сы­мал­дар­ға ар­нал­ған ар­найы кө­лік құ­рал­да­ры ту­ра­лы ке­лі­сім­ге сәй­кес бе­рі­л­ген ку­ә­лік неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
    Пор­тал ар­қы­лы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға өті­ніш бер­ген кез­де, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті ада­мы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да «же­ке ка­би­нет­ке» нәти­же­ні алу үшін және ор­нын көр­се­те оты­рып ха­бар­ла­ма жі­бе­рі­ле­ді.
    6.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Те­гін
    7.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13:00-ден 14:30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9:00-ден 18:30-ға дей­ін.
    Өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру са­ғат 13:00-ден 14:30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9:00-ден 18:00-ге дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз, ке­зек кү­ту тәр­ті­бі­мен көр­се­ті­ле­ді;
    2) пор­тал­дың – тәу­лік бойы жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гі­зу­мен бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс күн­де­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген жағ­дай­да өті­ніш­тер­ді қа­был­дау мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры transport@​tra​nspo​rt.​gov.​kz («Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» кі­ші бө­лі­мін­де) Ми­ни­стр­лік­тің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
    8.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге:
    осы Қа­ғи­да­лар­ға 16-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­нім;
    сы­нақ хат­та­ма­сы­ның түп­нұс­қа­сы неме­се са­рап­та­ма­лық тек­се­ру хат­та­ма­сы­ның түп­нұс­қа­сы.
    2) пор­тал­ға: осы Қа­ғи­да­лар­ға 16-қо­сым­ша­ға сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы­мен қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­ны бой­ын­ша өті­нім;
    сы­нақ хат­та­ма­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі неме­се са­рап­та­ма­лық тек­се­ру хат­та­ма­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
    Же­ке тұл­ға­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, кө­лік құ­ра­лын тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік ту­ра­лы мә­лі­мет­ті көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «элек­трон­дық үкі­мет­тің» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
    9.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­дың бел­гі­лен­ген та­лап­та­ры­на сай кел­ме­уі;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы.
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­найы құқық­тан ай­ы­ры­л­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің бо­луы.
    10.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін өзге де та­лап­тар
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да, мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бо­ла­ды.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі және мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты алу мүм­кін­ді­гі бар.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі­нің дұ­ры­стығ­ын www.​egov.​kz пор­тал­да тек­се­ру­ге бо­ла­ды.
    Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414,
    8 800 080 7777.

    Қазақстан Республикасы

    Индустрия және инфрақұрылымдық

    даму министрінің міндетін

    атқарушының және

    Қазақстан Республикасы

    Инвестициялар және даму

    министрінің міндетін атқарушының

    кейбір бұйрықтарына өзгерістер

    мен толықтырулар

    енгізілетін кейбір бұйрықтарының

    тізбесіне 2-қосымша

    Жолаушылар мен багажды

    автомобильмен қалалық

    (ауылдық), қала маңындағы

    және ауданішілік тұрақты

    тасымалдау маршруттарын

    және қозғалыс кестелерiн

    бекiту қағидаларына

    2-қосымша

    «Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    1.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Аудан­дар­дың, об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың, Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры
    2.
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­сы)
    пор­тал ар­қы­лы.
    3.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
    4 (төрт) жұ­мыс кү­ні
    4.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­ды (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
    5.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    Жо­ла­у­шы­лар мен ба­гаж­ды ав­то­мо­биль­мен қа­ла­лық (ауыл­дық), қа­ла ма­ңын­да­ғы және ауда­ні­ші­лік тұ­рақ­ты та­сы­мал­дау марш­рут­та­рын және қоз­ға­лыс кесте­ле­рін бе­кі­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма, не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы неме­се оның мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның ЭЦҚ қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» жі­бе­рі­ле­ді
    6.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Те­гін
    7.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін;
    2) пор­тал­да - жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да тәу­лік бойы. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    8.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    1) өті­ніш;
    2) жо­ла­у­шы­лар мен ба­гаж­ды ав­то­мо­биль­мен қа­ла­лық (ауыл­дық), қа­ла ма­ңын­да­ғы және ауда­ні­ші­лік тұ­рақ­ты та­сы­мал­дау марш­рут­тар схе­ма­сы;
    3) жо­ла­у­шы­лар мен ба­гаж­ды ав­то­мо­биль­мен қа­ла­лық (ауыл­дық), қа­ла ма­ңын­да­ғы және ауда­ні­ші­лік тұ­рақ­ты та­сы­мал­дау марш­рут­та­ры бой­ын­ша қоз­ға­лыс кесте­сі.
    Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, да­ра кә­сіп­кер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет­тің» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.
    9.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
    2) өті­ніш және Тіз­бе­де көз­дел­ген тіз­бе­ге сәй­кес құ­жат­тар топ­та­ма­сы­ның осы Қа­ғи­да­лар­дың және Жо­ла­у­шы­лар мен ба­гаж­ды та­сы­мал­дау қа­ғи­да­ла­ры та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы.
    10.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін өзге де та­лап­тар
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да, мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның 1414, 8 800 080 7777 те­ле­фо­ны ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу мүм­кін­ді­гі бар.

    Қазақстан Республикасы

    Индустрия және инфрақұрылымдық

    даму министрінің міндетін

    атқарушының және

    Қазақстан Республикасы

    Инвестициялар және даму министрінің

    міндетін атқарушының кейбір

    бұйрықтарына өзгерістер

    мен толықтырулар

    енгізілетін кейбір бұйрықтарының

    тізбесіне 3-қосымша

    «Жолаушыларды облысаралық

    қалааралық, ауданаралық

    (облысішілік қалааралық) және

    халықаралық қатынаста

    автобустармен, шағын

    автобустармен тұрақты

    емес тасымалдау, сондай-ақ

    жолаушыларды халықаралық

    қатынаста автобустармен,

    шағын автобустармен тұрақты

    тасымалдау қызметімен

    айналысу құқығына лицензия

    беру» мемлекеттік қызметті

    көрсету қағидаларына

    5-қосымша

    «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Об­лы­стар­дың, Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры
    2
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­сы)
    пор­тал ар­қы­лы.
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
    1) ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны жі­бе­ру ке­зін­де – 5 (бес) жұ­мыс кү­ні;
    2) ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу ке­зін­де – 3 (үш) жұ­мыс кү­ні;
    3) ли­цен­зи­я­ның және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны тел­нұс­қа­сын жі­бе­ру ке­зін­де – 2 (екі) жұ­мыс кү­ні
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    Жо­ла­у­шы­лар­ды об­лы­са­ра­лық қа­ла­ара­лық, ауда­на­ра­лық (об­лы­сі­ші­лік қа­ла­ара­лық) және ха­лы­қа­ра­лық қа­ты­на­стар­да ав­то­бу­стар­мен, ша­ғын ав­то­бу­стар­мен тұ­рақ­ты емес та­сы­мал­дау, сон­дай-ақ жо­ла­у­шы­лар­ды ха­лы­қа­ра­лық қа­ты­на­ста ав­то­бу­стар­мен, ша­ғын ав­то­бу­стар­мен тұ­рақ­ты та­сы­мал­дау жө­нін­де­гі қыз­мет­пен ай­на­лы­су құқы­ғы­на ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша, ли­цен­зи­я­ның және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ның тел­нұс­қа­сы не осы Тіз­бе­нің 10-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар мен негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­а­бы. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: эле­трон­дық тү­рін­де
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сіне көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті ада­мы­ның ЭЦҚ ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» жі­бе­рі­ле­ді.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға:
    Ли­цен­зи­я­лық алым «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ко­дек­сін­де (Са­лық ко­дек­сі) бел­гі­лен­ген алым­дар мөл­шер­ле­ме­сі бой­ын­ша жер­гі­лік­ті бюд­жет­ке тө­ле­не­ді және мы­на­лар­ды құ­рай­ды:
    1) ли­цен­зи­я­ны бе­ру­ге – алым­ды тө­леу кү­ні қол­да­ны­ла­тын үш есе­лен­ген ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш;
    2) ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­де­у­ге – ли­цен­зи­я­ны бе­ру ке­зін­де­гі мөл­шер­ле­ме­ден 10%;
    3) ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру­ге – ли­цен­зи­я­ны бе­ру ке­зін­де­гі мөл­шер­ле­ме­ден –100%.
    Ли­цен­зи­я­лық алым­ды тө­леу екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер, банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы қол­ма-қол және қол­ма-қол ақ­ша­сыз ны­сан­да неме­се ЭҮТШ ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    7
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
    2) пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да тәу­лік бойы.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    Ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны алу үшін:
    көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­луы; ақ­па­рат­тық жүй­е­де ақ­па­рат бол­ма­ған жағ­дай­да, өті­ніш бе­ру­ші­нің бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гін рас­тай­тын құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі;
    ли­цен­зи­я­ны қай­та және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу үшін:
    көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­луы;
    ли­цен­зи­я­ның және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ның тел­нұс­қа­сын алу үшін:
    көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­луы.
    Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар және ав­то­бу­стар мен ша­ғын ав­то­бу­стар­да­ғы та­хо­граф­тар­ды тек­се­ру ту­ра­лы сер­ти­фи­кат­тар мә­лі­мет­те­рін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «элек­трон­ды үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
    9
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    1) ли­цен­зи­я­лық алым ен­гі­зіл­ме­ген;
    2) өті­ніш бе­ру­ші бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­ген;
    3) өті­ніш бе­ру­ші­ге қа­ты­сты ли­цен­зи­я­ла­у­ға жа­та­тын қыз­мет­ті неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рін тоқ­та­та тұ­ру неме­се олар­ға тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) болған;
    4) сот орын­да­у­шы­сы­ның ұсы­нуы негі­зін­де сот өті­ніш бе­ру­ші-бо­рыш­кер­ге ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны бе­ру­ге уа­қыт­ша тый­ым сал­ған;
    5) өті­ніш бе­ру­ші ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гі анық­тал­ған жағ­дай­лар­да жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін өзге де та­лап­тар
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту тәр­ті­бі және мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты алу мүм­кін­ді­гі бар.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да, мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның 1414, 8 800 080 7777 те­ле­фо­ны ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу мүм­кін­ді­гі бар

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.