«Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен айқындалған таңбалауға жататын тауарлардың тізбесінде:
ескертпенің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«*** 2024 жылғы 1 шілдеден бастап – ветеринарияда қолданылатын дәрілік заттар мен вакциналарды қоспағанда, 2024 жылғы 1 шілдеден бастап өндірілген, дозаланған дәрілік нысандар түрінде (трансдермалық жүйелер нысанындағы дәрілік заттарды қоса алғанда) немесе бөлшек саудаға арналған қалыптарға немесе орамдарға өлшеп оралған дәрілік заттарға қатысты міндетті таңбалау;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
О. Бектенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.