«Реттеушілік актілері кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізіліміне енгізілуге жататын кәсіпкерлік қызметті реттеу салаларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 1016 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Реттеушілік актілері кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізіліміне енгізілуге жататын кәсіпкерлік қызметті реттеу салаларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 1016 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыпта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 84-бабы 1-тармағының 1-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
О. Бектенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.