«Сырдария ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 қазандағы № 165 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 маусым 2024 ж.

    «Сырдария ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 қазандағы № 165 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Сырдария ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 қазандағы № 165 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30263 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

    Сырдария аудандық мәслихатының төрағасы

    Е.Әжікенов

    Сырдария аудандық мәслихатының

    2024 жылғы 26 маусымдағы

    № 114 шешіміне қосымша

    Сырдария аудандық мәслихатының

    2022 жылғы 20 қазандағы

    № 165 шешімімен бекітілген

    Сырдария ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері

    Атауы
    Есептік бірлік
    Теңге (қосылған құн салығынсыз)
    Жайлы емес үйлер
    1 тұрғын айына
    138,88
    Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф
    1 текше метр
    2182,76

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.