«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілерге қатысты тексеру жүргізу кезіндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 қарашадағы № 807 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 81 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаОрталық атқарушы органдардың бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 маусым 2024 ж.

    «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілерге қатысты тексеру жүргізу кезіндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 қарашадағы № 807 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 81 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫЗ:

    1. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілерге қатысты тексеру жүргізу кезіндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 қарашадағы № 807 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 81 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17818 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141 және 143-баптарына және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;

    1-баптың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «18) осы бірлескен бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізетін заңды тұлғаларға қатысты талаптарға сәйкестігін тексеру парағы;»;

    1-тармақ мынадай мазмұндағы 19) тармақпен толықтырылсын:

    «19) осы бірлескен бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып айқындау (қажет болған кезде) тізбесі бекітілсін.»;

    осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес 22-қосымшамен толықтырылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а.

    __________Б. Омарбеков

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы

    __________К. Кажкенов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Бас прокуратурасының

    Құқықтық статистика және

    арнайы есепке алу комитеті

    Қазақстан Республикасы Ұлттық

    экономика министрінің м.а.

    2024 жылғы 26 маусымдағы № 44 мен

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп

    және құрылыс министрінің

    міндетін атқарушысының

    2024 жылғы 26 маусымдағы

    № 231 Бірлескен бұйрыққа

    қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Инвестициялар және даму министрінің

    2018 жылғы 19 қарашадағы № 807 және

    Қазақстан Республикасы Ұлттық

    экономика министрінің

    2018 жылғы 26 қарашадағы № 81

    бірлескен бұйрығына

    22-қосымша

    Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып айқындау (қажет болған кезде) тізбесі

    Сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс са­ла­сын­да қой­ы­ла­тын та­лап­тар­дың ата­уы
    Же­дел ден қою ша­ра­сы
    Же­дел ден қою ша­ра­сы­ның қол­да­ны­лу мер­зі­мі
    Тап­сы­рыс бе­ру­ші­ге (құ­ры­лыс са­лушы­ға) қа­ты­сты
    1.
    Тап­сы­рыс бе­ру­ші­де (құ­ры­лыс са­лушы­да) жер учас­ке­сіне (құ­ры­лы­сқа ар­нал­ған алаң­ға неме­се трас­са­ға) құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тың неме­се оны бе­ру ту­ра­лы жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган ше­ші­мі­нің бар-жо­ғы
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­рын тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    2.
    Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­ның қол­да­ны­с­та­ғы ғи­ма­рат­тар­дың тұр­ғын және тұр­ғын емес үй-жай­ла­рын ре­кон­струк­ци­я­ла­у­ға (қай­та жос­пар­ла­у­ға, қай­та жаб­дық­та­у­ға) ар­нал­ған ше­ші­мі
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­рын тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    3.
    Жер учас­ке­сін бе­кі­ті­л­ген жо­ба­лау құ­жат­та­ма­сы­на сәй­кес және аумақ­тың ны­са­на­лы мақ­са­тын неме­се серви­ту­тын, ай­мақ­тар­ға бө­лі­ну­ін, құ­ры­лыс са­лу­ды рет­те­удің қы­зыл сызығ­ын және са­ры сызығ­ын сақ­тай оты­рып, құ­ры­лыс са­лу үшін (ком­му­ни­ка­ци­я­лар тө­се­уді, аумақ­ты ин­же­нер­лiк жа­ғы­нан дай­ын­да­уды, абат­тан­ды­ру­ды, кө­гал­дан­ды­ру­ды және учас­кенi жай­ға­сты­ру­дың бас­қа да түр­лерiн қо­са ал­ған­да) пай­да­ла­ну
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­рын тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    4.
    Орын­дал­ған (орын­да­лып жа­тқан) құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­ры­ның, қол­да­ны­ла­тын құ­ры­лыс ма­те­ри­ал­да­ры­ның (бұй­ым­да­ры­ның, кон­струк­ци­я­ла­ры­ның) және жаб­дық­тар­дың бекiтiл­ген жо­ба­лық ше­шiм­дер­ге және мем­ле­кет­тiк (мем­ле­ке­та­ра­лық) нор­ма­тив­тер­ге, оның iшiн­де тiреу және қор­шау кон­струк­ци­я­ла­ры­ның берiк­тi­гін, ор­нық­ты­лы­ғын, сенiм­дiлi­гiн және үй­лер­дің (ғи­ма­рат­тар­дың) пай­да­ла­ну са­па­сын қам­та­ма­сыз ету жөнiн­де­гi нор­ма­тив­тер­ге сәй­кест­i­гi
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­рын тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    5.
    Электр бе­ру­дің же­лі­ле­рі әуе және бай­ла­ныс же­лі­ле­рі ай­ма­ғын­да, те­мір жол­ға бө­лін­ген бел­де­уде, құ­ры­лыс ала­ңын­да ор­на­лас­қан тау-кен жұ­мыста­ры­ның жер учас­ке­ле­рін өң­деу ай­мақ­та­рын­да жұ­мыстар жүр­гізу­ге ти­іс­ті ұй­ым­ның рұқ­са­ты­ның бар-жо­ғы
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­рын тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    6.
    Бе­кі­ті­л­ген жо­ба­лау-сме­та­лық құ­жат­та­ма­ның бар-жо­ғы
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­рын тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    7.
    Жо­ба­лар са­рап­та­ма­сы­ның оң қо­ры­тындыс­ы­ның, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген кез­де жо­ба­лар са­рап­та­ма­сы­ның қай­та қо­ры­тындыс­ы­ның бар-жо­ғы
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­рын тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    8.
    Объ­ект бі­рін­ші неме­се екін­ші жа­у­ап­кер­ші­лік дең­гей­ін­де­гі тех­ни­ка­лық және тех­но­ло­ги­я­лық жа­ғы­нан күр­де­лі объ­ек­ті­лер­ге жат­қы­зы­л­ған жағ­дай­да тех­ни­ка­лық қа­да­ға­лау бой­ын­ша ин­жи­ни­ринг­тік қыз­мет­тер­ді жү­зе­ге асы­ра­тын ак­кре­дит­тел­ген заң­ды тұ­лға­лар­мен шар­ттың бар-жо­ғы
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­рын тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    9.
    Екін­ші және үшін­ші жа­у­ап­кер­ші­лік дең­гей­ін­де­гі тех­ни­ка­лық жа­ғы­нан күр­де­лі емес объ­ек­ті­лер­де қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын тех­ни­ка­лық қа­да­ға­лау са­рап­шы­сы­ның ат­те­ста­ты бар же­ке тұл­ға­мен шар­ттың бар-жо­ғы
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­рын тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    10.
    Жо­ба­лау (жо­ба­лау-сме­та­лық) құ­жат­та­ма­ны әзір­ле­ген тұл­ға­мен (жо­ба­ны әзір­ле­у­ші­мен неме­се ат­те­стат­тал­ған са­рап­шы­мен) ав­тор­лық қа­да­ға­ла­уды жү­зе­ге асы­ру­ға шар­ттың бар-жо­ғы
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­рын тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    11.
    Ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар­ды бөл­шек­теу және бұ­зу (кә­де­ге жа­ра­ту­дан кей­ін) ке­зін­де жо­ба­лау (жо­ба­лық-сме­та­лық) құ­жат­та­ма­ның бар-жо­ғы
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­рын тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    12.
    Жұ­мыс жо­ба­лау (жо­ба­лау-сме­та­лық) құ­жат­та­ма­дан және нор­ма­тив­тік та­лап­тар­дан ауыт­қу­мен жү­зе­ге асы­ры­л­ған жағ­дай­да олар­ды тоқ­та­та тұ­ру­ды қам­та­ма­сыз ету
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­рын тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    13.
    Бе­кі­ті­л­ген жо­ба­лау-сме­та­лық құ­жат­та­ма­дан ауыт­қы­ған кез­де ке­лі­су­дің және рас­тай­тын құ­жат­тар­дың бар-жо­ғы
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­рын тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    14.
    Мү­ге­дек­тер­дің және ха­лық­тың жү­ріп-тұ­руы шек­те­улі топ­та­ры үшін объ­ек­ті­нің қол­же­тім­ді­лі­гін қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тау
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­рын тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    Жо­ба­ла­у­шы ұй­ым­ға (бас жо­ба­ла­у­шы­ға) қа­ты­сты
    15.
    Құ­ры­лыс ала­ңы­ның ин­же­нер­лік-гео­ло­ги­я­лық жағ­дай­ла­рын ес­кер­мей, ав­то­пар­кинг­тер, га­раж­дар мен тұр­ғын және қо­ғам­дық ғи­ма­рат­тар­дың ин­же­нер­лік жаб­дық­та­рын ор­на­ла­сты­ру үшін же­ра­с­ты ке­ңі­сті­гін жо­ба­лау
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­рын тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    16.
    Ба­стап­қы ма­те­ри­ал­дар­дың та­лап­та­рын (сәу­лет-жос­пар­лау тап­сыр­ма­сы, тік жос­пар­лау бел­гі­ле­рі, ег­жей-тег­жей­лі жос­пар­лау жо­ба­сы­нан алын­ған үзін­ді кө­шір­ме, жол­дар мен кө­ше­лер­дің көл­де­нең қи­ма­ла­ры, тех­ни­ка­лық шар­ттар, сырт­қы ин­же­нер­лік же­лі­лер трас­са­сы­ның схе­ма­ла­ры, са­у­ал­на­ма па­ра­ғы және то­по­гра­фи­я­лық тү­сі­рі­лім) ес­кер­мей, қол­да­ны­с­та­ғы ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар­дың үй-жай­ла­рын (же­ке­ле­ген бө­лік­те­рін) са­лу және ре­кон­струк­ци­я­лау (қай­та жос­пар­лау, қай­та жаб­дық­тау) жо­ба­ла­рын, оның ішін­де ті­реу және қор­шау кон­струк­ци­я­ла­рын, ин­же­нер­лік жүй­е­ле­рі мен жаб­дық­та­рын өзгер­ту­ге бай­ла­ны­сты жо­ба­лар­ды әзір­леу
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­рын тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    17.
    Жо­ба­ны объ­ек­ті­нің бе­рік­ті­гіне, ор­нық­ты­лы­ғы­на және се­нім­ді­лі­гіне ті­ке­лей әсер ете­тін бұ­зу­шы­лық­тар­мен әзір­леу
    Қыз­мет­ті неме­се оның же­ке­ле­ген түр­ле­рін тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    Мер­ді­гер­ге (бас мер­ді­гер­ге) қа­ты­сты
    18.
    Бе­кі­ті­л­ген (қай­та бе­кі­ті­л­ген) жо­ба­лау-сме­та­лық құ­жат­та­ма­ның бар-жо­ғы
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­рын тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    19.
    Орын­дал­ған (орын­да­лып жа­тқан) құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­ры­ның, қол­да­ны­ла­тын құ­ры­лыс ма­те­ри­ал­да­ры­ның (бұй­ым­да­ры­ның, кон­струк­ци­я­ла­ры­ның) және жаб­дық­тар­дың бекiтiл­ген жо­ба­лық ше­шiм­дер­ге және мем­ле­кет­тiк (мем­ле­ке­та­ра­лық) нор­ма­тив­тер­ге, оның iшiн­де тiреу және қор­шау кон­струк­ци­я­ла­ры­ның берiк­тi­гін, ор­нық­ты­лы­ғын, сенiм­дiлi­гiн және үй­лер­дің (ғи­ма­рат­тар­дың) пай­да­ла­ну са­па­сын қам­та­ма­сыз ету жөнiн­де­гi нор­ма­тив­тер­ге сәй­кест­i­гi
    Қыз­мет­ті неме­се оның же­ке­ле­ген түр­ле­рін тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    20.
    Ат­қа­ру­шы­лық тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма­ның ти­іс­ті және уақ­ты­лы жүр­гі­зі­лу­ін қам­та­ма­сыз ету
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­рын тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    21.
    «Сей­сми­ка­ға тө­зiм­дi құ­ры­лыс» кур­сы бой­ын­ша (сей­сми­ка­лық аудан­дар­да құ­ры­лыс жүр­гі­зі­л­ген жағ­дай­да) қол­да­ны­с­та­ғы ку­ә­лік­тің бар-жо­ғы
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­рын тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    22.
    Тех­ни­ка­лық қа­да­ға­лау және ав­тор­лық қа­да­ға­лау жур­на­лы­на ен­гі­зі­л­ген нұс­қа­у­лар­дың орын­да­луын қам­та­ма­сыз ету
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­рын тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    23.
    Бе­кі­ті­л­ген жо­ба­лау құ­жат­та­ма­сы­нан ауыт­қы­ған кез­де ке­лі­су­дің бар-жо­ғы
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­рын тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    24.
    Ен­гі­зі­л­ген өзге­рі­стер ес­ке­рі­л­ген жо­ба­лау-сме­та­лық құ­жат­та­ма бой­ын­ша са­рап­та­ма қо­ры­тындыс­ы­ның бар-жо­ғы
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­рын тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    Ав­тор­лық қа­да­ға­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын тұ­лға­лар­ға қа­ты­сты
    25.
    Қол қой­ы­л­ған жа­сы­рын жұ­мыстар­ды ку­әлан­ды­ру және жа­у­ап­ты кон­струк­ци­я­лар­ды ара­лық қа­был­дау ак­ті­ле­рі­нің бар-жо­ғы
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­рын тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    26.
    Тап­сы­рыс бе­ру­ші­ге және мем­ле­кет­тік сәу­лет-құ­ры­лыс ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ор­ган­да­ры­ның бө­лім­ше­сіне мер­ді­гер­дің ав­тор­лық қа­да­ға­ла­удың нұс­қа­у­ла­рын орын­да­ма­ға­ны неме­се ти­ісін­ше орын­да­ма­ға­ны ту­ра­лы ақ­па­рат бе­ру
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­рын тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    27.
    Орын­дал­ған (орын­да­лып жа­тқан) құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­ры­ның, қол­да­ны­ла­тын құ­ры­лыс ма­те­ри­ал­да­ры­ның (бұй­ым­да­ры­ның, кон­струк­ци­я­ла­ры­ның) және жаб­дық­тар­дың бекiтiл­ген жо­ба­лық ше­шiм­дер­ге және мем­ле­кет­тiк (мем­ле­ке­та­ра­лық) нор­ма­тив­тер­ге, оның iшiн­де тiреу және қор­шау кон­струк­ци­я­ла­ры­ның берiк­тi­гін, ор­нық­ты­лы­ғын, сенiм­дiлi­гiн және үй­лер­дің (ғи­ма­рат­тар­дың) пай­да­ла­ну са­па­сын қам­та­ма­сыз ету жөнiн­де­гi нор­ма­тив­тер­ге сәй­кест­i­гi
    Қыз­мет­ті неме­се оның же­ке­ле­ген түр­ле­рін тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    28.
    Жур­нал­ға бел­гі қой­ған кез­де ав­тор және (неме­се) жо­ба­ны әзір­ле­у­ші неме­се ав­тор­лық қа­да­ға­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын са­рап­шы орын­дал­ған жұ­мыстар­дың сәй­кес­сіз­ді­гін анық­та­ған сәт­тен ба­стап күн­тіз­бе­лік бес күн­нің ішін­де тап­сы­рыс бе­ру­ші­ге, мер­ді­гер­ге және мем­ле­кет­тік сәу­лет-құ­ры­лыс ин­спек­ци­я­сы­на ол ту­ра­лы жа­з­ба­ша ны­сан­да ес­кер­ту, ақ­па­рат бе­ру
    Қыз­мет­ті неме­се оның же­ке­ле­ген түр­ле­рін тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    Тех­ни­ка­лық қа­да­ға­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын заң­ды және же­ке тұ­лға­лар­ға қа­ты­сты
    29.
    Бе­кі­ті­л­ген жо­ба­лау (жо­ба­лау-сме­та­лық) құ­жат­та­ма­ның бар-жо­ғы
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­рын тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    30.
    Жо­ба­ға са­рап­та­ма­ның оң қо­ры­тындыс­ы­ның бар-жо­ғы
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­рын тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    31.
    Мер­ді­гер­лік ұй­ым­да ли­цен­зи­я­ла­на­тын сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс қыз­метiнiң тиiстi түр­лерiн жү­зе­ге асы­ру құқы­ғы­на ли­цен­зи­я­ның бар-жо­ғы
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­рын тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    32.
    Орын­дал­ған (орын­да­лып жа­тқан) құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­ры­ның, қол­да­ны­ла­тын құ­ры­лыс ма­те­ри­ал­да­ры­ның (бұй­ым­да­ры­ның, кон­струк­ци­я­ла­ры­ның) және жаб­дық­тар­дың бекiтiл­ген жо­ба­лық ше­шiм­дер­ге және мем­ле­кет­тiк (мем­ле­ке­та­ра­лық) нор­ма­тив­тер­ге, оның iшiн­де тiреу және қор­шау кон­струк­ци­я­ла­ры­ның берiк­тi­гін, ор­нық­ты­лы­ғын, сенiм­дiлi­гiн және үй­лер­дің (ғи­ма­рат­тар­дың) пай­да­ла­ну са­па­сын қам­та­ма­сыз ету жөнiн­де­гi нор­ма­тив­тер­ге сәй­кест­i­гi
    Қыз­мет­ті неме­се оның же­ке­ле­ген түр­ле­рін тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    33.
    Тех­ни­ка­лық қа­да­ға­лау жур­на­лы­ның бар-жо­ғы және жүр­гі­зі­луі
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­рын тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    34.
    Бел­гі­лен­ген мер­зім­дер­де нұс­қа­у­лар­ды орын­дау үшін құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­рын тоқ­та­та тұ­ру құқы­ғы­мен, мер­ді­гер­дің (бас мер­ді­гер­дің) құ­ры­лыс ба­ры­сын­да өзі жол бер­ген мем­ле­кет­тік (мем­ле­ке­та­ра­лық) нор­ма­тив­тер­ді бұ­зу­шы­лық­тар­ды, бе­кі­ті­л­ген жо­ба­да көз­дел­ген жо­ба­лық ше­шім­дер­ден және (неме­се) ұй­ым­дық-тех­но­ло­ги­я­лық құ­жат­тар­дың та­лап­та­ры­нан ауыт­қу­лар­ды мін­дет­ті түр­де жо­юы ту­ра­лы жа­з­ба­ша нұс­қа­у­лар­дың бар-жо­ғы
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­рын тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    35.
    Мер­ді­гер­дің тех­ни­ка­лық қа­да­ға­ла­удың нұс­қа­у­ла­рын орын­да­ма­ға­ны неме­се ти­ісін­ше орын­да­ма­ға­ны ту­ра­лы тап­сы­рыс бе­ру­ші­ге және мем­ле­кет­тік сәу­лет-құ­ры­лыс ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ор­ган­да­ры­ның бө­лім­ше­сіне ақ­па­рат бе­ру
    Қыз­мет­ті неме­се оның же­ке­ле­ген түр­ле­рін тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    36.
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­ры­ның са­па­сы ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­ның бар-жо­ғы
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­рын тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    Бі­рін­ші және екін­ші жа­у­ап­кер­ші­лік дең­гей­ін­де­гі тех­ни­ка­лық және тех­но­ло­ги­я­лық күр­де­лі объ­ек­ті­лер­де­гі ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар­дың се­нім­ді­лі­гін және ор­нық­ты­лы­ғын тех­ни­ка­лық зерт­теп-қа­рау бой­ын­ша са­рап­та­ма жұ­мыста­рын жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар­ға қа­ты­сты
    37.
    Тех­ни­ка­лық тек­се­ру жүр­гіз­ген бар­лық ат­те­стат­тал­ған са­рап­шы­лар қо­лы­ның бар-жо­ғы, сон­дай-ақ са­рап­шы­лар­дың дер­бес мөр­та­бан­да­рын ұсы­ну және ұй­ым бе­ре­тін ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар­дың се­нім­ді­лі­гі мен тұ­рақ­ты­лы­ғын тех­ни­ка­лық тек­се­ру жө­нін­де­гі са­рап­та­ма қо­ры­тындыс­ын ұй­ым­ның бі­рін­ші бас­шы­сы­ның бе­кі­туі
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­рын тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    38.
    Ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар­дың се­нім­ді­лі­гін және ор­нық­ты­лы­ғын тех­ни­ка­лық зерт­теп-қа­рау бой­ын­ша бе­кі­ті­л­ген құ­ры­лыс нор­ма­ла­ры­ның та­лап­та­рын бұ­за оты­рып орын­дал­ған және ғи­ма­рат­тар­дың, құ­ры­лы­стар­дың, олар­дың бө­лік­те­рі­нің неме­се же­ке­ле­ген кон­струк­ци­я­лық эле­мент­те­рі­нің пай­да­ла­ну са­па­сын на­шар­ла­ту­ға, олар­дың бе­рік­ті­гін, ор­нық­ты­лы­ғын тө­мен­де­ту­ге әкеп со­ғуы мүм­кін дұ­рыс емес де­ректер­ді қам­ти­тын қо­ры­тын­ды бе­ру
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­рын тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн
    Объ­ек­ті­лер құ­ры­лы­сы­ның жо­ба­ла­ры­на ве­дом­ст­во­дан тыс ке­шен­ді са­рап­та­ма жүр­гі­зе­тін заң­ды тұ­лға­ла­ры­на қа­ты­сты
    39.
    Тұр­ғы­зы­ла­тын не тұр­ғы­зы­л­ған объ­ек­ті­лер­дің ор­нық­ты­лы­ғын, се­нім­ді­лі­гін және бе­рік­ті­гін қам­та­ма­сыз ет­пей­тін жо­ба­лық (жо­ба­лау-сме­та­лық) құ­жат­та­ма­ға са­рап­та­ма­ның (са­рап­та­ма­лық ба­ға­ның) оң қо­ры­тындыс­ын бе­ру
    Қыз­мет­ті неме­се оның же­ке­ле­ген түр­ле­рін тоқ­та­ту
    Күн­тіз­бе­лік 90 күн

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.