Тексерілетін субъектіні тілдерді дамыту саласындағы мерзімді тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарына енгізу өлшемшартын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 153-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Тіл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын бұзу:
Тексерілетін субъектіні тілдерді дамыту саласындағы мерзімді тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарына енгізу өлшемшарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.