Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 27 маусым 2024 ж.
Түркістан қалалық мәслихатының 2018 жылғы 19 қарашадағы № 40/202-VI «Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан қалалық мәслихатының «Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері туралы» 2018 жылғы 19 қарашадағы №40/202-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4804 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат төрағасы
Г. Сарсенбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.