«Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлардың актілерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 894 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлардың актілерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 894 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12144 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы акт;»;
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2024 жылғы 25 маусымдағы
№ 242 Бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 894 бұйрығына
2-қосымша
Үлгі
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы № ___акт
20____ жылғы «___» ________ _____________________________ «____» сағат «____» минут толтыру орны
1. Жедел ден қою шарасының түрі ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
2. Мемлекеттік бақылау және қадағалау органының атауы ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіні құрайтын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы ___________________________________________________________ ____________________________________________________________________
4. Бақылау және қадағалау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және оның басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіні ресімдеу кезінде қатысқан бақылау және қадағалау субъектісі өкілінің лауазымы ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________
5. Жедел ден қою шарасын қолдану негізі ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________
6. Жедел ден қою шарасының қолданылу мерзімі (қажет болған кезде) ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________
7. 20___жылғы «____» __________ «____» сағат «____» минут пломба салынды. _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ 8. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіні алу немесе алудан бас тарту туралы мәліметтер (күні мен бақылау және қадағалау субъектісі басшысының немесе бақылау және қадағалау субъектісі өкілінің қолы) ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________
9. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіні ресімдеген лауазымды адамның қолы ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.