Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 24 маусым 2024 ж.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі №6 «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес, облыс әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 6 «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2024 жылы 2 сәуірде № 195053 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Н.Төреғалиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.