Мақтаарал ауданының кейбір елді мекендерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 маусым 2024 ж.

    Мақтаарал ауданының кейбір елді мекендерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Мақтаарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Мақтаарал ауданының келесі елді мекендерінің шекаралары өзгертілсін және белгіленсін:

    1) А.Қалыбеков ауылдық округі Үлгілі елді мекенінің шекарасына 31,19 гектар жер учаскесін қосу арқылы, А.Қалыбеков ауылдық округі Үлгілі елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы ауданы 85,56 гектар шекарасында белгіленсін;

    2) Жамбыл ауылдық округі Абай елді мекенінің шекарасына 72,55 гектар жер учаскесін қосу арқылы, Жамбыл ауылдық округі Абай елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы ауданы 365,85 гектар шекарасында белгіленсін;

    2. Осы бірлескен қаулының және шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мақтаарал ауданы әкімінің м.у.а

    Б. Туребеков

    Мақтаарал аудандық мәслихатының төрағасы

    К. Сарсекбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.