«Жұмыспен қамтудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 365 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 маусым 2024 ж.

    «Жұмыспен қамтудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 365 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Жұмыспен қамтудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 365 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33380 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 100) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жұмыспен қамтудың жеке картасы» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан;»;

    көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Жұмыспен қамтудың жеке картасын жүргізу қағидаларында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Жұмыспен қамтудың жеке картасын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 100) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке деректерді, жұмыспен қамту тарихын, жұмыспен қамтамасыз етудің ұсынылатын және іске асырылатын шараларын, олардың орындалуына мониторинг пен бақылауды енгізумен жүгінгендер туралы мәліметтерді жинауға арналады.»;

    3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «3. ЖҚЖК толтыруды Орталық қызметкерлері өтініш берушінің Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32850 тіркелген) Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларының «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес жұмыс іздеуші адам ретінде тіркеу үшін жүгінуі негізінде жүзеге асырылады.

    4. Өтініш берушінің деректерін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы тексергеннен кейін Орталық қызметкері алынған мәліметтерді ЖҚЖК-ға енгізеді.»;

    2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

    5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

    С. Жакупова

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Стратегиялық жоспарлау және

    реформалар агенттігі

    Ұлттық статистика бюросы

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму, инновациялар

    және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    2024 жылғы 25 маусымдағы

    № 218 бұйрығына

    қосымша/

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің

    орынбасары – Еңбек және

    халықты әлеуметтік

    қорғау министрінің

    2023 жылғы 1 қыркүйектегі

    № 365 бұйрығына

    қосымша

    «Жұмыспен қамтудың жеке картасы» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан

    Ұсынылады: аудан, қала, республикалық маңызы бар қалалар, астана мансап орталықтарына

    Әкімшілік деректер нысаны интернет – ресурста орналастырылған: www.enbek.kz

    Әкімшілік деректер нысанының атауы: Жұмыспен қамтудың жеке картасының нысаны.

    Әкімшілік деректер нысанының индексі: ЖҚК-1.

    Жиілік: бір реттік.

    Есепті кезең: қажет емес.

    Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: жұмыс іздеушілер.

    Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: мансап орталығына жұмыс іздеушілер жүгінген кезде.

    ____________________________________________________________________ (аудан, қала, республикалық маңызы бар қалалар, астана) ____________________________________________ Мансап орталығы ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________

    Жұмыспен қамтудың жеке картасын толтыратын Мансап орталығы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Толтырылған күні 20__жылғы «__»______________     

    Жұмыспен қамтудың жеке картасы

    1. Тегі________________________________ аты ____________________________

    әкесінің аты (бар болcа) ________________________________________________

    2. Жеке сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________

    3. Жынысы _________________________________________________________     

    4. Туған күні __________________________________________________________

    5. Азаматтығы ________________________________________________________

    6. Ұлты ______________________________________________________________

    7. Тұрғылықты жерінің мекенжайы ______________________________________

    8. Телефон ___________________________________________________________

    9. Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________

    10. Білімі:

    1) білімі

     Білім беру ұйымының атауы ___________________________________________

    _____________________________________________________________________

     Білім деңгейі бойынша оқу мекемесінің түрі (жоғары оқу орны, колледж, жалпы білім беретін мектеп) __________________________________________________ _____________________________________________________________________

    Оқу мерзімі __________________________________________________________

    Алған мамандығы (біліктілігі) __________________________________________

    _____________________________________________________________________

    2) қосымша білімі (қайта даярлау, біліктілікті арттыру курстары)

    Білім беру ұйымының немесе жұмыс берушінің атауы ______________________

    _____________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________

    Оқу мерзімі __________________________________________________________

    Алған мамандығы (біліктілігі)___________________________________________

    ______________________________________________________________________________________

    11. Соңғы жұмыс (қызмет) орны

    Жұмыс берушінің атауы ________________________________________________

    Жұмысқа қабылданған күні _____________________________________________

    Жұмыстан босатылған күні _____________________________________________

    Лауазымы ____________________________________________________________

    12. Жұмыс іздеуші адам ретінде тіркелгені туралы мәліметтер

    Жүгінген күні _________________________________________________________

    Тіркеу немесе бас тарту күні ____________________________________________

    Бас тарту себебі _______________________________________________________

    Есептен шығарылған күні _______________________________________________

    Есептен шығару себебі _________________________________________________

    13. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау қорытындылары:

    Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды жүргізетін органның атауы

    _____________________________________________________________________

    Өткізу күні___________________________________________________________

    Нәтижесі _____________________________________________________________

    14. Тиісті жұмыстың берілген бағыттары:

    Жұмыс берушінің атауы ________________________________________________

    _____________________________________________________________________

    Лауазымы (кәсібі) _____________________________________________________

    Жұмыс бағытын беру күні ______________________________________________

    Жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы актісі не бас тарту себебін көрсету

    _____________________________________________________________________

    15. Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер:

    Жүгінген күні _________________________________________________________

    Тіркеу немесе бас тарту күні ____________________________________________

    Бас тарту себебі _______________________________________________________

    Есептен шығарылған күні _______________________________________________

    Есептен шығару себебі _________________________________________________

    16. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға берілген жолдамалар туралы мәліметтер:

    1) кәсіптік оқыту:

    Жұмыс берушінің және (немесе) оқу орнының атауы ________________________

    _____________________________________________________________________

    Оқу орнының және (немесе) жұмыс берушінің мекенжайы, телефоны _________

     _____________________________________________________________________

    Оқу мерзімі ___________________________________________________________

    Жіберілген күні _______________________________________________________

    Алған мамандығы, біліктілігі ____________________________________________

    Жұмыс берушіні, лауазымды көрсете отырып, тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасқан күні _______________________________________________________

    2) кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу

    Микрокредиттер: ______________________________________________________

    Микрокредит алу күні __________________________________________________

    Кредит сомасы ________________________________________________________

    Жеңілдік кезеңінің мерзімі ______________________________________________

    Қайтару мерзімі _______________________________________________________

    Қызмет түрі __________________________________________________________

    Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту:

    Оқудың басталу күні___________________________________________________

    Оқуды аяқтау күні _____________________________________________________

    Гранттар:

    Өтініш берілген күні___________________________________________________

    Грант алған күні_______________________________________________________

    Қызмет түрі __________________________________________________________

    3) субсидияланатын жұмыс орындары:

    Бұрын көрсетілген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары (хронологиялық реттілікпен толтырылады)

    Субсидияланатын жұмыс орнының түрі___________________________________

    _____________________________________________________________________

    Жолдама күні _________________________________________________________

    Қатысу мерзімі ________________________________________________________

    Жұмыс берушінің атауы________________________________________________

    Лауазымы____________________________________________________________

    Жұмыс берушінің (оқу орнының) жұмысқа қабылдау (оқыту) туралы актісі немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебін көрсету_____________________

    _____________________________________________________________________

    Жұмыс берушіні, лауазымын көрсете отырып, тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу күні ___________________________________________________________

    _____________________________________________________________________

    4) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті қоныс аударуға жәрдемдесуге жолдау

    Еңбекке жарамды отбасы мүшелері _____________________________________

    Еңбекке жарамсыз отбасы мүшелері (себебі) _______________________________

    Келу орны ____________________________________________________________

    Көрсетілген материалдық көмек:

    Шығыстарды өтеу (сома) _______________________________________________

    Тұрғын үйді жалдауға (жалға алуға) арналған шығыстарды өтеу (сомасы) _____________________________________________________________________

    Берілген экономикалық ұтқырлық сертификаты (сомасы) ____________________

    Тұрғын үй (тұрғын үй жолы тұрғын үй түрін (жеке тұрғын үй) көрсете отырып толтырылады, отбасы мүшелеріне шаршы метрді көрсете отырып, көппәтерлі тұрғын үй, жатақханадағы бөлме) ________________________________________

    17. Арнайы жұмыс орындары:

    Жұмыс берушінің атауы ________________________________________________

    _____________________________________________________________________

    Жолдаманың берілген күні _____________________________________________

    қатысу мерзімі ________________________________________________________

    Лауазымы (кәсібі) _____________________________________________________

    Жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы актісі _________________________

    18. Жұмыссыздардың мансап орталығына баруын толтыру нысаны

    Р/с№
    Жоспарлы қатысу күні
    Іс жүзінде қатысқан күні
    Мансап орталығы қызметкерінің ескертпесі
    19. Жұмыссыздың күтетіні
    1) Сіз қандай жалақы алғыңыз келеді?
    Сіз алғыңыз келетін жалақы сомасы: ___________ теңге;
    Мансапты бастау үшін жеткілікті және тиімді жалақы сомасы: __________ теңге;
    Сіз қандай жалақы немесе төмен жалақы сомасы үшін жұмыс істемейсіз: ______ теңге.
    2) Сіздің болашақ жұмысыңыздың орналасқан жері (облыс, қала, аудан, ауыл):
    Сіздің болжамды жұмысыңыздың орны (облыс, қала, аудан, ауыл)? ___________
    3) Сіз өз карьераңызды жасайын деп жүрген қызмет саласындағы ықтимал лауазымдар.
    Тиімді лауазым _______________________________________________________
    Қолайлылығы төмен ___________________________________________________
    4) Сіз жұмыс іздеуге қанша уақыт жұмсауды ойлап отырсыз?
    1 – лайықты нұсқа _____________________________________________________
    2 – қолайлы нұсқа _____________________________________________________
    5 – ықтимал нұсқалардан ең жаманы _____________________________________
    20. Жұмыссызды тұрақты жұмысқа орналастыру жоспары
    Р/с
    Жұмысқа орналастыру жөніндегі шаралар
    Іс жүзінде орындау
    Іс-шаралардың орындалмау себептері

    «Жұмыспен қамтудың

    жеке картасы»

    әкімшілік деректерді

    жинауға арналған нысанға

    қосымша

    «Жұмыспен қамтудың жеке картасы әкімшілік деректерді жинау үшін арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

    Нысанның 1-бағанында тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (толық) көрсетіледі.

    Нысанның 2-бағанында жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетіледі.

    Нысанның 3-бағанында жынысы көрсетіледі.

    Нысанның 4-бағанында күні, айы, жылы көрсетілген туған күні көрсетіледі.

    Нысанның 5-бағанында азаматтық көрсетіледі.

    Нысанның 6-бағанында ұлты көрсетіледі.

    Нысанның 7-бағанында облыстың, ауданның, елді мекеннің, көшенің атауын, үй нөмірін, пәтер нөмірін көрсете отырып, тұрғылықты жерінің мекенжайы көрсетіледі.

    Нысанның 8-бағанында байланыс телефон нөмірі көрсетіледі.

    Нысанның 9-бағанында электрондық пошта мекенжайы көрсетіледі.

    Нысанның 10-бағанында алған мамандығын көрсете отырып, білімі көрсетіледі.

    Нысанның 11-бағанында жұмыс берушінің атауын, жұмысқа қабылданған күнін, жұмыстан босатылған күнін, жұмыс істеген лауазымының атауын көрсете отырып, соңғы жұмыс (қызмет) орны көрсетіледі.

    Нысанның 12-бағанында өтініш берген күні, тіркелген күні, тіркеуден бас тарту себебі, есептен шығарылған күні және есептен шығару себебі көрсетілген жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгені туралы мәліметтер көрсетіледі.

    Нысанның 13-бағанында әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өткені туралы мәліметтер және оның қорытындылары көрсетіледі.

    Нысанның 14-бағанында ЖҚЖК-да тиісті жұмысқа берілген бағыттар туралы ақпарат: жұмыс берушінің атауы, лауазымы (кәсібі), жұмысқа жолдама берілген күні, жұмыс берушінің қабылдау немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, бас тарту күні көрсетіледі, бұл ретте өтініш берушінің бас тартуы да ескеріледі. Ақпарат хронологиялық тәртіппен енгізіледі.

    Жұмысқа қабылдау кезінде – бұйрықтың күні, нөмірі, лауазымы (кәсібі) көрсетіледі;

    Нысанның 15-бағанында өтініш берілген күнін, тіркелген күнін, тіркеуден бас тарту себебін, есептен шығарылған күнін және есептен шығару себебін көрсете отырып, жұмыссыз ретінде тіркеу туралы мәліметтер көрсетіледі.

    Нысанның 16-бағанында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына берілген жолдамалар туралы мәліметтер:

    кәсіптік оқыту;

    кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу;

    субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама;

    жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті қоныс аударуға жәрдемдесу.

    Орталық қызметкері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көрсетілген шаралары туралы мәліметтерді хронологиялық тәртіппен ЖҚЖК-ға енгізеді. Бұл ретте Орталық қызметкері:

    жұмыс берушінің және (немесе) білім беру ұйымының атауын, оқу ұйымының және (немесе) жұмыс берушінің мекенжайын, телефонын, оқу түрі мен мерзімін, алған мамандығын, біліктілігін, жіберген күнін және жұмыс берушіні, лауазымын көрсете отырып, тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасқан күнін көрсете отырып, адамдардың кәсіптік оқуға қатысуы туралы мәліметтерді;

    алған күні, берілген микрокредит сомасы, жеңілдікті кезең мерзімі, қайтару мерзімі және қызмет түрі, оқудың басталу және аяқталу күні, грант алуға өтініш берген күні, грант алған күні және қызмет түрі көрсетіле отырып, кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өту көрсетілген кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларға қатысу туралы мәліметтерді;

    субсидияланатын жұмыс орнының түрін, жіберілген күнін, жұмыс берушінің атауын, атқаратын лауазымын (кәсібін), қатысу мерзімін, жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы актісі туралы мәліметтерді, жұмыс беруші мен лауазымын көрсете отырып, жұмыссыздарды субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру туралы мәліметтерді көрсетеді. Қоғамдық жұмыстарға жіберілгеннен кейін жұмыссыздың мәртебесі сақталады;

    отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін, отбасының еңбекке қабылетсіз мүшелерін (себептерін), келген жерін, көрсетілген материалдық көмекті, тұрғын үй беруді, жұмысқа орналасу күнін, жұмыс берушінің атауын, лауазымын көрсете отырып, жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға қатысу туралы мәліметтерді көрсетеді.

    Нысанның 17-бағанында арнаулы жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдар туралы мәліметтер көрсетіледі, жұмыс берушінің атауын, жолдаманы беру күнін, қатысу мерзімін, атқаратын лауазымын (кәсібін), жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы актісі туралы мәліметтерді көрсете отырып, ЖҚЖК-ға енгізіледі.

    Нысанның 18-бағанында жұмыссыздардың Орталыққа баруы туралы ақпарат көрсетіледі. Нысанда жоспарлы бару күні, нақты барған күні, Орталық қызметкерінің ескертпесі көрсетіледі.

    Нысанның 19-бағанында күтілетін табыс сомасын, мансапты бастау үшін қолайлы және оңтайлы табыс сомасын, жол берілмейтін табыс сомасын, болашақ жұмыс орнын, ықтимал лауазымдарды, жұмыс іздеуге кететін уақытты көрсете отырып, жұмыссыздардың болжамы көрсетіледі.

    Нысанның 20-бағанында жұмысқа орналастыру жөніндегі шараларды, нақты орындалуын, орындалмау себептерін көрсете отырып, жұмыссыздарды тұрақты жұмысқа орналастыру жоспары көрсетіледі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.