«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

    бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

    07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:

    1 «Тұрғын үй шаруашылығы» функционалдық кіші тобында:

    383 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

    мынадай мазмұндағы 005 және 015 кіші бағдарламалары бар 017 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

    «017 Авариялық тұрғын үй иелерін көшіру үшін тұрғын үй сатып алу

    005 Ішкі қарыздар есебінен

    015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен».

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

    2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық 2024 жылғы 25 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    М. Такиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.