Байзақ ауданы Түймекент ауылдық округінің Түймекент ауылының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 - бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 12 мамырдағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Түймекент ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 1. Байзақ ауданы Түймекент ауылдық округінің Түймекент ауылының келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:
Александр Нахманович тұйық көшесін Ғазиз Байтасов тұйық көшесіне;
Әтіркүл Дүкенбайқызы тұйық көшесін Ақжүрек тұйық көшесіне;
Әтіркүл Дүкенбайқызы 1-тұйық көшесін Достық тұйық көшесіне;
Байзақ батыр тұйық көшесін Ынтымақ тұйық көшесіне;
Дінмұхаммед Қонаев 1- тұйық көшесін Жібек жолы тұйық көшесіне;
Тұрар Кәрімбеков тұйық көшесін Көктем тұйық көшесіне;
Шаймерден Есботаұлы тұйық көшесін Тәуелсіздік тұйық көшесіне;
Шаймерден Есботаұлы 1-тұйық көшесін Бірлік тұйық көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түймекент ауылдық округінің әкімі
К. Смагулов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.