Ұлытау облысының 2024 жылға арналған жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 маусым 2024 ж.

    Ұлытау облысының 2024 жылға арналған жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы

    «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 569-бабына, Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ұлытау облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2024 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы

    Б. Шингисов

    Ұлытау облыстық мәслихатының

    2024 жылғы 21 маусымдағы

    № 15/140

    шешіміне қосымша

    Ұлытау облысының 2024 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

    № р/р
    Арнаулы су пайдалану түрі
    Өлшеу бірлігі
    2024 жылға төлемақы мөлшермелері, теңге
    Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендерінің бассейні
    1
    Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
    теңге/1000 текше метр
    227,39
    2
    Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде
    теңге/1000 текше метр
    648,74
    3
    Ауыл шаруашылығы (төмендету коэффицентін есепке ала отырып – 0,5)
    теңге/1000 текше метр
    93,63
    4
    Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
    теңге/1000 текше метр
    177,23
    5
    Су энергетикасы
    теңге/1000 килоВатт сағат
    -
    6
    Су көлігі
    теңге/1000 тонна километр
    -
    Торғай, Тобыл, Ырғыз өзендерінің бассейні
    1
    Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
    теңге/1000 текше метр
    203,98
    2
    Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде
    теңге/1000 текше метр
    581,86
    3
    Ауыл шаруашылығы (төмендеткіш коэффицентті есепке ала отырып – 0,5)
    теңге/1000 текше метр
    80,26
    4
    Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
    теңге/1000 текше метр
    160,51
    5
    Су энергетикасы
    теңге/1000 килоВатт сағат
    -
    6
    Су көлігі
    теңге/1000 тонна километр
    -

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.