Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 маусым 2024 ж.

    Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 10) тармақшасына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Шардара аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Шардара қаласындағы су электр станциясынан Тама құдығына дейін электр желілерін тарту үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан, жер учаскелеріне уақытша өтеусіз қысқа 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С.Ильясовқа жүктелсiн.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    А.Карсыбаев

    Шардара ауданы әкімдігінің

    2024 жылғы 12 маусымдағы

    № 155 қаулысына қосымша

    Шардара қаласындағы су электр станциясынан Тама құдығына дейін электр желілерін тарту үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер көлемдері

    Жер учаскесінің орналасқан жері
    Қауымдық сервитуттың әрекет ету көлемі (гектар)
    соның ішінде
    Ауданның арнайы жер қоры
    Су қоры жері
    Орман қоры жері
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    1
    Шардара ауданы аумағы
    3,2982
    2,259
    0,0004
    1,0388
    Барлығы
    3,2982
    2,259
    0,0004
    1,0388

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.